Жаңалықтар

Алматыда оқушыға қол көтерді деген мұғалім жұмыстан кетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда 5-сынып оқушысын ұрды деп айыпталған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Алматыдағы №85 орта мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағынан кейін ауруханаға түскені, баланың анасы мұғалімді ұрды деп айыптағаны туралы ақпарат тарады.

 

Аталған білім мекемесінің директоры Нинель Еркебаева оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ұстаз жайлы айтып берді.

 

«Тараған ақпараттың видеосы бар. Ол жерде ешқандай қол көтеру жоқ. Бірақ оқушының анасы оның қатты таяқ жегенін және миы шайқалғанын айтады. Бала қазір ауруханада. Біздің спорт залда бейнебақылау орнатылған, осы бейнежазба арқылы мұғалімнің оқушыны ұрмағанын дәлелдеп отырмыз», - дейді мектеп директоры.

 

Директор дүйсенбі күні мұғалімнің өз еркімен жұмыстан кеткенін айтты.

 

«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бізде 21 жыл жұмыс істеді, гандбол секциясының жетекшісі болды. Оның жетекшілігімен қыздарымыз гандболдан республикалық жарыстарда бірнеше рет бірінші орынды иеленсе, былтыр үшінші орын алды. Қазір бізде дене шынықтыру пәнінің алты мұғалімі бар», - деді Нинель Еркебаева.

 

Қалалық білім беру басқармасы тексеру жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

 

«Білім басқармасында тексеру комиссиясы құрылды. Қазір жағдайды анықтап жатыр. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралары қабылданатын болады. Нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін қосымша хабарлайтын боламыз», - деп жауап берді білім басқармасынан.

 

 

 

 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

жұма, 29.10.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31