Жаңалықтар

Алматыда үйде оқуға мүмкінігі жоқ студенттер жатақханада тұра алады

  • Алматыда үйде оқуға мүмкінігі жоқ студенттер жатақханада тұра алады

    Алматыда үйде оқуға мүмкінігі жоқ студенттер жатақханада тұра алады

Үйде оқуға мүмкіндігі жоқ студенттер Алматыдағы жатақханаларда тұра алады. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына байланысты жатақханадан шығарылып жатқан студенттер туралы сұрады.
"Үйде оқуға жағдайы жоқ студенттер жатақханада тұра алады, бірақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге бағынады", - деп жауап берді Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова.

Ол мониторингтік топтардың пікірі бойынша студенттердің бір бөлігі жатақханадан кете бастағанын атап өтті. Ол сонымен қатар бүгін Алматыдағы жатақханалардың бірінде коронавирус індеті болғанын айтты.
Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) студенттер жатақханасында үш адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова хабарлады.

Үш науқас бір бөлмеде тұрмағаны анықталды. Бүгінгі күні жатақханада эпидемияға қарсы шаралар қабылданды, байланыстар шеңбері құрылды, қосымша ПТР тестілеу өткізілді.

Денсаулық сақтау министрлігі студенттерді жатақханадан шығарғысы келмейтіндігін атап өтті, өйткені оқу жылының аяқталуына бір жарым ай уақыт қалды.

Сонымен қатар студенттерді мәжбүрлеп шығару туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны хабарланды.




Көрілген: 174    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 13:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31