Жаңалықтар

Алматыдағы бос ғимараттарда мектептер мен балабақшалар ашылады

  • Алматыдағы бос ғимараттарда мектептер мен балабақшалар ашылады

    Алматыдағы бос ғимараттарда мектептер мен балабақшалар ашылады

Алматыда бос тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандарға беріледі, онда мектептер, балабақшалар мен емханалар ашылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иесіз ғимараттарды беру жұмыстарының барысы туралы Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев айтып берді.

 
Биыл қала республикалық меншіктен бос тұрған екі нысанды қабылдады.

Оның біріншісі - Түрксіб ауданындағы Тынышбаев көшесі, 4/6 мекенжайындағы, ауданы 491,3 шаршы метр үш литерден тұратын кешен. Мұнда қайта құрудан кейін психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған 60 орындық күндізгі орталық ашу жоспарлануда.

Екіншісі - Бостандық ауданы Алмалы бак көшесі, 4 А, 196,9 шаршы метр тұрғын үйдегі орын. "Бақытты отбасы" кешенді бағдарламасы аясында мұнда "Іскер Ана" орталығын ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, ғимараттар билік пен кәсіпкерлерге де беріледі.

"Сыйға тарту тетігі - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі, бұл жеке және заңды тұлғалар қалаға мүлікті тегін беруі", - деп атап өтті Әлиев.

Оның сөзіне қарағанда, жеке заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша үш нысан қабылданды.

"Бостандық ауданында Егізбаев көшесі, 7 А, ауданы 3115,7 шаршы метр болатын балабақша қайта жаңартылып 150 орынға есептелген №191 мемлекеттік балабақша болып ашылды. Балабақша тұзды шахтамен және сенсорлық бөлмемен жабдықталған. Одан бөлек, Алмалы ауданындағы С.Мәуленов көшесі, 46 мекенжайындағы «Elit Towеr» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы ауданы 217,1 шаршы метр тұрғын үй емес ғимаратты жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқырмандарға қызмет көрсету үшін ашық аймақтармен коуоркинг орталық кітапханасын ашу көзделеді. Ал «Атакент» аумағындағы абаттандыру объектілері аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткеннен кейін, уақытылы қызмет көрсетуді және күтім көрсетуді ұйымдастырды",&ndash деді Әлиев.

Сондай-ақ, коммуналдық меншік нысандарын қайта бөлу арқылы Жетісу ауданында домбыра мектебі ашылды, онда балалар халық аспаптарында ойнауды тегін үйренеді.




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31