Жаңалықтар

Алматыдағы кейбір ЖОО жаңа оқу жылына дайын болмай шықты

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматыдағы жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылына дайындық деңгейі нашар деп бағаланып отыр. Арнайы құрылған тексеру тобы кешеден бері 25-тен астам оқу орнын аралады деп хабарлайды Almaty.tv.

 

 

Оқу жылының басталуына аз-ақ уақыт қалса да, Нұр-Мүбәрак университеті тіпті бекітілген ережелермен таныс болмай шықты. Ғимарат талаптарға сай емес. Мекеменің әкімдікке берген ақпарына сәйкес, студенттердің тек 8 пайызы ғана екпе алған. Жауапты маман ақпаратты қате бергенін жеткізді. Ал, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіндегі жағдай анағұрылым жақсы. Мекемеге кіру талаптары ескеріледі. Дәлізде әлеуметтік арақашықтықты сақтауды еске салар жапсырмалар жеткілікті. Алайда оқу корпусындағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмапты. Бір қызығы, мекеменің әкімдікке берген ақпараты бойынша, 2 мың 113 студенті бар университетте бар-жоғы 69 адам жұмыс істейді деп көрсетілген. Мұндай қулыққа барған қызмкетерлер екпе салғызудың жоғары пайыздық мөлшерін көрсеткісі келген деп топшылады тексеріс тобы. Анықталғандай, онда тек штаттық режимде жұмыс істейтін оқытушылар ғана көрсетіліпті. Әкімшілік қызметкерлері мен өзге де оқытушылар ескерусіз қалған.

 

Ал, Алматы менеджмент университеті аудиторияларын талапқа сай жасақтаған, бекітілген ережелер де сақталады. Мамандар қызметкерлерге қажетті кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олардың айтуынша, талаптарды қайталап бұзғаны үшін материалдар құзырлы органдарға жіберіледі.

 

«Студенттер мен оқытушылар арасында біз үнемі вакцинаның маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Соның арқасында екпе алғандардың саны артып келеді. Оқу жылы басталғанға дейін біз белгіленген межені орындаймыз деп ойлаймын. Ал, бүгін алған ескертулерді жақын арада түзейміз», – деді Алматы менеджмент университетінің инфрақұрылымды басқару директоры Зайтуна Сәрсенбаева.

 

Арнайы құрылған мониторингтік топ екі күн ішінде 25-тен астам жоғары оқу орнын аралады. Өкінішке қарай, көпшілігі тексеріс келгенге дейін дайындық жұмыстарын пысықтап үлгермеген. Түсіндірме жұмыстарын жүргізген мамандар ауызша ескерту жасады.

 

«Жоғары оқу орындарының 80 пайызы дайын емес. Кейбіреулері дайындалуға асық та емес. Біздің ең басты мақсатымыз  –  осы студенттеріміздің құқығы, олардың осы Алматы қаласына студент болып келіп, олардың жағдайы дұрыс болуын қамтамасыз ету», – деді Бостандық ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Әділ Нұрпейісов.

 

Айта кету керек, Алматы қаласында барлығы 38 жоғары оқу орны бар. Тексеріс жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғаспақ.

 

 

 

 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.08.2021, 00:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31