Жаңалықтар

Алматылық жас мұғалімдерге ақшалай грант берілмек

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда жас мұғалімдерге гранттар берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біріншіден, мен педагогикалық университеті бітіріп еңбек жолын Алматыдағы мемлекеттік мектептерде бастаған барлық жас мамандарға жыл сайынғы біржолғы материалдық көмек беру туралы шешім қабылдадым. Биыл 700-ге жуық жас мұғалім бюджет қаражаты есебінен 20 АЕК көлемінде грант алады. Бұл аз ғана көмек, бірақ бұл қадам біздің педагогикалық қауымдастықтың қолдауының нышанына айналатынына сенімдімін», - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев білім беру қызметкерлерінің форумында.


«Екіншіден, біз жылына бір рет үздік білім беру ұйымын 800 айлық жалақыдан тұратын ақшалай сыйлықпен марапаттау дәстүрін жалғастырамыз. Бүгін жеңімпаз 24 миллион теңге көлемінде сыйлық алады. Сондай-ақ, қаланың үздік оқытушылар құрамы жыл сайынғы ақшалай сыйлыққа ие болады », - деді Бақытжан Сағынтаев.


Үшіншіден, 2020 жылдан бастап Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі үздік мұғалімдерге жұмыс нәтижелері мен білім беру сапасының көрсеткіштерін көрсететін Алматы әкімінің арнайы гранттарын бере бастамақ.


«Сіздер өздеріңіз марапатқа шын лайық ұстаздарды анықтауға атсалысуларыңыз керек», - деді Алматы қаласының әкімі.


Сонымен қатар, қалада ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылуда.


«Біз қаланың үздік ұстаздардың, оқу тәжірибесі туралы айтатын боламыз. Бұл мұғалім кәсібінің беделін арттырады және қоғам үшін білім беру жүйесінің дұрыс векторларды орнатады. Соңында, мен жыл сайынғы «Үздік ұстаз» қалалық байқауын жариялаймын, оның нәтижелерін біз ұстаздар күні қарсаңында 2020 жылдан бастап қорытындылаймыз », - деді әкім.


Жеңімпаздар - пәтер, автокөлік және басқа да құнды заттармен марапатталады.


 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 12:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30