Жаңалықтар

Алматылық оқушы ақша мен уақыт үнемдейтін мобильді қолданба жасады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 L сынып оқушысы Нұржан Исабаев Fordham University-дің (Нью Йорк, АҚШ) грант иегері атанды. Сондай-ақ, мектеп бітіруші Drexel University-ден (Пенсильвания, АҚШ) шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мектеп баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұржан Нью-Йорктегі «One World Trade Center» компаниясында арнайы тағылымдамадан өтіп, тиімді маркетинг стратегияларын құруға көмектескен.

 

Сондай-ақ, оның тәжірибелік қоржынында маркетинг бойынша Arbat Real Estate group-те, менеджмент бойынша Агро-гарант ЖШС-да және трейдинг бойынша AlphaLux consulting-та өткен тағылымдамалары бар.

 

«Сондай-ақ, ол XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалін ұйымдастыруға қатысқан. Мектеп іс-шараларын ұйымдастырушы құрамның да белсенді мүшесі. Сонымен қатар, көшбасшылық бойынша өткен форумдарда бірнеше рет спикер болған»,– деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі.

 

Қазір түлек досымен бірге ұялы қолданба әзірлеумен айналысып жатыр. Айтуынша, бұл жоба адамдардың басты ресурстары - уақыт пен ақшасын сақтап қалуға бағытталған. Авторлық қолданбаны отандық нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

 

«Қолданба арқылы сіз қызмет көрсететін кез келген мекемеден 10 секунд ішінде орын брондай аласыз. Атап айтар болсам, медициналық орталықтар, мейрамхана, шаштараз, нотариус және т.б. Сонымен бірге, клиенттер картаға кэшбэк алады (қызмет құнының пайызы)»,– дейді Нұржан Исабаев.

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 01:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30