Жаңалықтар

Алматылық оқушы оқыту жүйесінде не себепті Финляндия әдісін қолдайтынын айтты

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматы қаласы №180 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Сабрина Халмаханова оқыту жүйесі бойынша Финляндия әдісін қолдайды. Бұл туралы «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

 

«Бұл Финляндия жүйесі өте дұрыс. Оқушы үшін таңнан кешке дейін мектепте жүру қиын тиюі мүмкін. Бірақ олар болашақта өз істерінің маманы болып, еліміздің дамуына өз үлестерін қоса алады. Қазіргі заманда «ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, біз бар күшімізді білімге салатын болсақ, еліміз одан әрі дамып, үлкен жетістіктерге жетеміз», – деді оқушы.

 

Оның айтуынша, мектеп ішінде үйірмелер көптеп ашылса, оқушылар уақытын тиімді пайдаланар еді.

 

«Мен домбыра үйірмесіне қатысып жатырмын. Қазіргі таңда 10-сынып оқимын. Биыл жазғы 3 ай бойы тестке қатысты қосымшаларға бардым. Алдағы уақытта басқа да қосымша сабақтарға, мектептен тыс үйірмелерге барамын. Менің ойымша, оқушылардың қалауы бойынша мектептің ішінде үйірмелер ашылса. Сонда біз өз уақытымызды үнемдей аламыз. Қазір жолға көп уақытымыз кетеді», – деді С. Халмаханова.

 

Айта кетейік, Финляндияның білім жүйесінде оқушыларға еркіндік берілген. Олар өз уақытын өздері тиімді пайдаланады.

 

 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.08.2021, 21:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31