Жаңалықтар

Алматының бас санитарлық дәрігері мектептер қандай жағдайда жабылатынын айтты

  • Алматының бас санитарлық дәрігері мектептер қандай жағдайда жабылатынын айтты

    Алматының бас санитарлық дәрігері мектептер қандай жағдайда жабылатынын айтты

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептердің барлығы онлайн білім беру жүйесіне көшірілу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер сыныпта вирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, меутеп толығымен жабылады. Оқушылардығ жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады", - деп түсіндірді Бекшин.

 
Қаланың бас дәрігері жаңа қаулыда сипатталған жекелеген студенттерді онлайн оқытуға ауыстыру ережелерін түсіндірді.

"Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай мәлімдеме жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, олардың баласының шынымен де созылмалы аурулары бар және жұқтыру қаупі жоғары екені нақтыланса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға ауыстырылады”", - деп қосты Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда бір айлық сәби коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 14:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31