Жаңалықтар

Алматының екі мектебінде санитарлық нормалар сақталмаған

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Алматыда санитарлық нормалардың сақталуын бақылау мақсатында жалпы білім беретін мектептерді тексеру жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қалалық білім беру басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінен құралған жұмыс тобы соңғы аптада 15 білім беру ұйымында санитариялық талаптардың сақталуын тексеріп шықты.

 

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар екі мектептен анықталды.

 

Бір білім беру мекемесінде дәліздер мен баспалдақ алаңдарында әлеуметтік қашықтық белгілері болмаған және оқу сабақтарын жүргізу режимі сақталмады (сабақ және үзіліс уақыты екі сынып үшін бірдей болды).

 

Тағы бір білім беру ұйымында кварцтау ережесі сақталмаған.

 

Мониторинг тобының өкілдері барлық мектеп әкімшілігімен санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

 

Сондай-ақ, осы күндері мектептерге жоспардан тыс тексерулер де жүргізілді.

 

Нәтижесінде қызметкерлер мен оқушылардың маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықтың сақтамағандығы, сондай-ақ сынып бөлмелерінде желдету режимі сақталмауы және тағы басқа да бұзушылықтар анықталды.

 

Жоспардан тыс тексеру барысында анықталған бұзушылық фактілері бойынша 379 210 теңге мөлшерінде 2 айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

 

 




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.02.2021, 19:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30