Жаңалықтар

"Әліппе қайтып келеді": Білім министрі

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ақтөбеліктермен кездесуі кезінде жаңа мәлімдеме жасады. Жергілікті тұрғын министрге білім саласындағы кемшіліктерге қатысты өз ойын айтқан болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


"Мектепке сабақ беруге ер азаматтарды шақыру керек. Балабақшада, мектепте әйелдердің тәрбиесін алып өскен балалар қыз секілді болып барады. Үш тілділікте балаларымыздың барлығы дүбара болып кетеді. Бала 12 жасқа дейін өз тілінде тәрбие алсын, өз тілін терең меңгерсін. Білім сапасы бізде неге төмендеп кетті?! Әр мектеп әртүрлі бағдарламамен оқытып, баланың басын шырдай қылады. Үйге берген тапсырмаларды ата-ана шеше алмайтын жағдайға жеттік. Әліппе мен әдебиет қайтару керек деп ойлаймын».- деді ақтөбелік қоғам белсендісі Көшкімбай Ахметов.


Жүйесі жиі өзгеріске ұшырайтын жаңа білім министрі де алдағы жағалығын айтты.


"Мектепке ер азаматтардың келуі бізді де ойландырады. Көп нәрсе мектептің басшысына байланысты. Кезінде мен де мектеп директоры болып жасадым. «Өз жұмысын айтты» деп сөкпеңіздер. Санап отырып ер азаматтарды көбейттім. Сол сияқты жұмыс жасауымыз керек. Қазір ауылдағы мектеп мұғалімінің төменгі жалақысы 110 мың теңгенің айналасында, орташа жалақы 160 мың, ал ауылдағы 15 жыл өтілі бар жоғары санатты мұғалімдер 190 мың теңгеге дейін алады.

Мен мұндай қаржыға ер азаматтар да мектепке жұмысқа келе алады деп ойлаймын. Қаладағы жағдайда 30 пайызға төмен. Себебі мемлекет ауылды қолдап, жас мамандардың ауылға баруы үшін осындай жағдай жасап жатыр. Ал тілдік оқыту мәселесі қаралатын болады. Әліппеге байланысты, биылғы оқу жылында үлгермейміз, келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді. Біз балаларға білімді өзі іздеуге үйретуіміз керек. Осы жағынан сүрініп жатырмыз.


Сондықтан қазір мемлекет 144 мың мұғалімді оқытуға қаржы бөліп отыр. Адамға ең қиын нәрсе – артқан сенімді ақтап шығу. Сіздерің айтқан жақсы сөздеріңіз мені күнде ұйықтатпайды, осыны ақтай аламын ба, жоқ па деймін",- деді білім және министрі Күләш Шәмшидинова. 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31