Жаңалықтар

«Алтын белгісі» бар 1200-ден астам бала грантқа түсе алмады

  • © baq.kz

    © baq.kz

4600-ден астам «Алтын белгі» иегері грантқа ілікті. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова журналистерге брифинг барысында айтты.


Осы жылы грант нәтижесі былтырғымен салыстырғанда 5 күн ерте жарияланды.


«Бүгін БАҚ-қа республикалық конкурстың нәтижесі ілінді. Бұл – Республикалық конкурстық комиссия жұмысының нәтижесі. Грант иелерінің тізімі анықталды. Биыл конкурсқа 53785 грант бөлінді. 64452 адам қатысты. Жалпы орташа конкурс 1 грантқа 1,29 адамды құрады. Барлық иегерді құттықтаймыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда грант нәтижелерін 5 күн ерте шығардық», - деді вице-министр.


Биылғы гранттардың басым бөлігі инженерлік, құрылыс және ІТ мамандықтарына берілген.


«Жыл сайын мемлекеттік грантты алу мүмкіндігі ұлғайып отыр. Жалпы грант санының 45% астамы инженерлік, құрылыс, ІТ мамандықтарға бөлінген. 8 мыңнан астам грант педагогикалық мамандықтарға бөлінген. Биыл конкурсқа қатысқан «Алтын белгі» иегерлерінің саны 5800-ден астам болды. Оның ішінде 4600-ден астамы грант алды. Олардың ішінде ең жоғары саны инженерлік, ІТ, педагогикалық, жаратылыстану мамандықтарына болып отыр. Ең жоғары балл дәстүрлі медицина, соның ішінде стоматология, фармация, инженерлік мамандықтар, педагогикалық бағыттың ішінде шет тілі мұғалімдікке 100-ден жоғары балл көрсетіп отыр», - деді Жақыпова.


Вице-министр арнайы бағдарламалар арқылы грантқа түскендер санын атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік грант бөлуіне байланысты Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу ұсынылып отыр екен.


«Мәңгілік ел жастары» арнайы бағыты бойынша да грант иегерлерінің саны өте жоғары – 5000-нан астам. «Серпін» бағдарламасы аясында тапсырғандар 5000-нан астам грант иеленді. Өкінішке қарай, грантқа ілінбеген адамдар да бар. Бірақ біз Үкімет қаулыларына өзгерістер енгіземіз. Содан кейін белгіленген тәртіп бойынша белгіленген бағыттарға гранттың берілуін Республикалық комиссия жалғастырады», - деді вице-министр.


 baq.kz




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31