Жаңалықтар

Әмина – отбасы туралы эссе байқауының жеңімпазы

  • Әмина – отбасы туралы эссе байқауының жеңімпазы

    Әмина – отбасы туралы эссе байқауының жеңімпазы

Отан отбасынан басталады. Сондықтан Отанның қадірін ұқтырып, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін отбасы институтына мән беріп, отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу маңызды.

Осыған орай, Алматы қаласының Жетісу ауданында «Бақытты отбасы» апталығы өтті. Апталық барысында отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, құқықтық кеңестер берілді. Сонымен бірге, жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының ролін нығайту мақсатында «Бақыттың кілті – отбасы» деген тақырыпта эссе жазудан байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға Жетісу ауданындағы ынталы оқушылар белсене қатысты. Соның ішінде 146 мектеп-лицейдің 6 "г"-сынып оқушысы Әмина Әбдилбекованың жазған шығармасы көпшілік көңілінен шықты. 11 жастағы қыз республикалық, халықаралық көркемсөз, вокал байқауларының бірнеше мәрте лауреаты. Телевидение саласында тележүргізуші, бірнеше кино, сериалдарда басты рөлге түскен, сонымен бірге, республикалық "Жайдарман", "Нағыз қалалықтар" көңілді тапқырлар командасының фронтмені. Әминадай сегіз қырлы, өнерпаз қызды тәрбиелеуде отбасының үлесі ұшан-теңіз. Оны үздік жазылған шығармадағы отбасы, туған-туыстарға деген ыстық махаббаттан анық аңғаруға болады. «Отбасы – сүйіспеншіліктіктің, береке-бірліктің, ынтымақтың ыстық ұясы. Ол ер мен әйелдің одақтастығынан бастау алады.

Әйел ерге ұсынып адал асын,

Ер әйелді бағым деп бағаласын,

Отбасы мықты болса - Отан мықты,

Аралап жүрген сөз ғой ел арасын,

Әр ошақтың түтіні түзу шықса.

Бақытты байтақ Отан, бар Алашым» деген өлең жоолдарын өзек еткен жас талант үлкен үміт күттіреді.

Бұдан бөлек, апталық отбасы мүшелерін татулыққа, бірлікке шақыратын көптеген шараларға ұйытқы болды. Оларға көпбалалы отбасылармен катар, алтын той иелери, дарынды балалар катысты. Бұған дейін жарияланған үздік видеоролик, үздік шығарма, үздік қолөнер сайыстары да осы күні өз мәресіне жетті.

Байқауларға Жетісу ауданында тұратын аналар белсенді қатысты. Үздік бейнетаспалар инстаграмга жарияланды. Сонымен қатар, апталықта өзін жақсы жағынан көрсеткен, жүйрік екенін дәлелдегендерге сыйлықтар берілді. Жиын соңында дарынды балалар отбасы құндылығын дәріптеп, ата-анасына арнаған өлең, жырларынан шашу шашты.

Анар Сембаева 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31