«Ана тәжін киген аналар» «Анаға құрмет» музейінде бас қосты

«Ана тәжін киген аналар» «Анаға құрмет» музейінде бас қосты

Қасиетті ана атын ту еткен «Анаға құрмет» музейінде «Ана тәжін киген аналар» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік басқосу «Ана» туралы жыр шырқалып, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенованың құттықтау сөзімен басталды.
Салтанатты шараның бірінші бөлімінде Жеңістің 75 жылдығына орай жарық көрген «Қос құбылам» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың тұсауын тоғыз жүзге жуық баланы бауырына басқан «Нұр» қайырымдылық балалар үйінің директоры Тұяқ Каскенқызының жолдасы Әнуар Байсарин ақсақал кесіп, қонақтарға ақ батасын берді. «Қос құбылам» кітабының авторлары ҚР Құрмет орденінің иегері, Қарасай ауданының құрметті азаматы Бақыт Жатқанбайқызы мен «Анаға құрмет» музейінің меңгерушісі Аршагүл Тойбаева сөз сөйлеп, қалыптасқан жағдайға байланысты оқырманға кешеуілдеп жол тартқан жаңа кітап жайлы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде А.Тойбаева кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен Алматы облысының әкімдігіне, Алматы облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына алғыс айтып, «Аналар» күнінің мән-мағынасына тоқталды.
«Анаға құрмет» музейнің меңгерушісі Аршагүл Серікқызы: - «2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз «Халықаралық әйелдер» күні қарсаңында қазақстандық аналардың арнайы мерекелік датасы белгілеу керектігін, сондай-ақ «Аналар» мерекесін берекелі күз мезгілінде тойлаған абзалырақ болатынын тілге тиек еткен-ді. Көп ұзамай, дәл сол жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы «Кәсіби мерекелер және өзге де мейрамдар туралы» Жарлығына өзгеру енгізіліп, қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Аналар» күні деген айшықты атауға ие болды. Алайда, ресми мерекелер тізіміне енгеніне биыл сегіз жылдың жүзі болған ақ жаулықты «Аналар» күні сән салтанатына сай тойланбай келеді. Өз басым, жаңа оқу жылы, күзгі жиын-терім деп жүріп, өмірдегі ең басты жандардың мейрамын ұмыт қалдыру перзент атына сын деп ойлаймын. Осы себепті біз жыл сайын «Аналар» күнінде ауқымды шара өткізуді дәстүрге айналдыруды жөн көріп отырмыз» - дей келе, өзі басқарып отырған музейдің жуырда ғана «Үздік мәдениет мекемесі» марапатына ие болып, су жаңа қызметтік көлік берілгенін қуанышпен жеткізді.



Бұдан әрі мерекелік шара үш мәрте Социалисттік еңбек ері, Мемлекет және қоғам қайраткері, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың елу жыл отасқан жан жары Зухра Шәріпқызының өз қолымен тіккен кестесі мен жіптерінің көрмесі өтті. Жуырда ғана «Анаға құрмет» музейінің төрінен орын алған «Зиялы жанның зер кестесі» алғаш рет қонақтарды таңдай қақтырды.

«Ана тәжін киген аналардың» құрметіне ұйымдастырылған кесте өнерінің хас шебері Гүлнар Әбіштің «Алланың үйі жүрегімде» атты картиналар көрмесі де ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Әлемді аралап ең сәулетті отыздан аса мешіттерді кестемен кескіндеген шебер жақында жер бетіндегі теңдесі жоқ Меккедегі «әл-Харам» картинасын аяқтаған болатын. Автордың екі жыл, бес ай көз майын таусып тіккен кестелі каринасын алғашқылардың бірі болып тамашалау бақытты да «Анаға құрмет» музейінің таңдаулы қонақтарына бұйырыпты.
Осылайша, көтеріңкі көңіл-күймен қолөнершебері Сұлтан Тілектің «Анамның ақ кимешегі» атты көрмесіне қарай бет алған қонақтарды ақ кимешекті аналардың өзі қарсы алды. Көрмеде шебер Сұлтан Тілек ақ жаулық мен қимешектің тағылымды тарихы жайлы әңгімелеп берді. Жастар жағы бірінен бірі өткен көнекөз дүниелерге қызыға қараса, апалар жастық шақтарын еске алып, өз аналарын сағынышпен еске алысты.
Қыз-келіншектер мен аналарды «ах» ұрдырған тағы бір көрме белгілі ісмер Күлән Жанқұттының «Күлән апаның көркем әлемі» болды. Ұлттық нақыш пен өркениет ерекше үйлесім тапқан Күлән апаның қолынан шыққан сәнді киімдер топтамасы кімнің де болса ажарын ашары анық.
Мерекелік шара барысында бірқатар аналар «Анаға құрмет» медалімен марапатталып, үйлеріне марқайып тарасты.

Гаухар ӘБІЛҚАС



 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста