Жаңалықтар

Аршагүл ТОЙБАЕВА, «Анаға-құрмет» музейінің меңгерушісі:«Ана тіліндегі» сұхбат мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырады

  • Аршагүл ТОЙБАЕВА, «Анаға-құрмет» музейінің меңгерушісі:«Ана тіліндегі» сұхбат мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырады

    Аршагүл ТОЙБАЕВА, «Анаға-құрмет» музейінің меңгерушісі:«Ана тіліндегі» сұхбат мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырады

Қазақстан республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлт басылымы «Ана тілі» газетінің №25 санында жарық көрген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатын оқып, көкейде жүрген біраз сұрақтарға жауап алдым. Бұл сұхбат бүгінде әлемді алаңдатқан індеттің салдарынан қамкөңіл күйді бастап кешіп жатқан көзі қарақты оқырман қауым үшін де маңызды. Өйткені Мемлекет басшысы мемлекеттік тіл тағдырын күн тәртібіне қойып отыр.

Әрине, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының сұхбат барысындағы ой-пікірлерін бір-екі сөйлеммен түйіндеу мүмкін емес шығар. Десек те, оның «Қазір – нағыз аз сөйлеп, көп іс тындыратын шақ. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!», - деген үш ауыз сөзінің астарында терең ой, сындарлы саясат жатыр. Өз басым, Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт басылымы «Ана тілі» газетіне сұхбат беруінің өзі оның мемлекеттік тілге деген зор құрметі деп түсіндім.
Еске түсірсек, Мемлекет басшысы бұған дейінгі Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіліміздің тұғырын нығайту ниетінде біраз тың бастамалар көтерген болатын. Яғни, оның бүгінгі қиын-қыстау кезеңге қарамастан, мемлекеттік тіл мәселесін баспасөз арқылы бұқара халықтың есіне тағы да салуы айтылған сөздің іске аса бастағанның айғағы.
-«Қазақ тілінің жағдайы туралы айтқанда, мемлекетіміздің негізін қалаған, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айырықша еңбегін атап өтуге тиіспіз. Ол елімізде мемлекет құраушы ұлттың саны едәуір аз болғанына қарамастан Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялады. Сондай аумалы-төкпелі кезеңнің өзінде Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей ықпал етуімен Парламент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады», - деп Елбасының ерең еңбегіне тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев: - «Біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек», - деп мемлекеттік тілдің мәртебесін артыру өз қолымызда екенін ескертеді.

«Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі», - деген пікірі де қос қолдап құптауға тұрарлық.
«Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек», - дейді. Рас, кейде арамызда өз ұлт өкілі болсын, өз қандастарымыз болсын, мемлекеттік тілде сөйлеуге талпынып, тілінің жеткенінше сөйлей қалса, оны қолдаудың орнына мазақтап немесе қатаң сынға алатын өзге емес, өзіміз екенін мойындауымыз керек.
«Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс...», - дей келе, ежелден еліміз аралас, қойымыз қоралас, көрші Қырғыз елінен үлгі алу керектігін тілге тиек етеді. Жасыратыны жоқ, біз бір фильм түсіруге қанша қаражат кететінін есептей алмай отырғанда, айырқалпақты ағайындар тәп-тәуір дүниелерді әлем назарына ұсынып үлгерді. Осылайша, қатаң сынмен қатар, жетістіктерімізді де жіпке тізген Мемлекет басшысы: - «Әрине, ауызды қу шөппен сүрте беруге болмайды. Мені еліміздегі блогосфераның қазақ тіліне қарай ыңғайланып келе жатқаны қуантады. Дей тұрғанмен, біз әсіреұлтшылдық пен радикализмге бой алдырмауыз қажет»,- деп ой түйеді. Мұны мен «мемлекеттік тілдің тағдырын құрғақ айқаймен қиындатпайық!», - дегені деп түсіндім.

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30