Жаңалықтар

Арыста өткен әскери сайыс жаппай төбелеспен аяқталды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Бас жүлдеге бола бас жаруға дейін барды. Арыс қаласында әскери дайындық пәнінен өткізілген оқушылар арасындағы сайыс жаппай төбелеспен аяқталды. Жеткіншектер әділқазылардың шешіміне қырқық пышақ болған.

 

- Арыс қаласы әкімі Мұрат Қадырбектің арнайы дипломымен, 20 мың теңге сертификатпен, әй, әй!

 

Сайысты салтанатты түрде қортындылауға Мәдениет үйіне жиналған оқушылар бір-бірімен жаға жыртысып жатыр. Топ-топ оқушылардың төбелесінде кім-кімді тоқпақтап жатқаны да түсініксіз.

 

«Қой» деп жатқан мұғалімдерді тыңдаған бала жоқ. Ашуға булыққандарды әупірімдеп жүріп сыртқа шығарғанымен, төбелес далада да жалғасыпты.

 

Абырой болғанда айтарлықтай жарақат алғандар жоқ.

 

Соған қарамастан полицейлер тентек оқушыларды тергеп жатыр.

 

Ал карантин талабын бұзғаны үшін аталмыш шара ұйымдастырушылары әкімшілік жазаға тартылған.

 

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:

 

- Іздестіру жұмысын жүргізгенде бұзақылық жәйтіне қатысты жергілікті тұрғындар анықталды. Барлығы жас жігіттер. Оқу бөлімдерінің оқушылары. Оларға қатысты тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның мән жайы анықталуда. 

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30