Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов мектепке пара беріп жұмысқа орналасуға қатысты пікір білдірді

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Youtube-тегі Qasqa jol арнасына берген сұхбатында еліміздің мектептеріне пара беріп орналасу жөнінде пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Министр бұл мәселені ұдайы әлеуметтік желі арқылы бақылап отыратынын жеткізді.

 

"Күні кеше әлеуметтік желіден бір азаматтың "мектепке жұмысқа ақша беріп кіріп жатыр" деген хабарламасын көріп, құқық қорғау органдарына жібердік. Егер шын мәнінде сондай жағдай болса, ол (пара алған, пара берген адам - ред.) жауапкершілікке тартылуы керек, егер соны жазған адамның ақпараты жалған болса, онда таратып жатқан адамды жауапкершілікке тарту керек. Мен жұмыс орындары барлық жерде сатылып жатыр дегенмен келісе алмаймын. Жалпы солтүстік, орталық өңірлерде мұғалім жетіспейді", - дейді Асхат Аймағамбетов.

 

Министрдің айтуынша, солтүстік облыстарда білім басқармасының басшылары мұғалім жетіспеушілігін шешу үшін педагогтарға жалынуға мәжбүр. Алайда Асхат Аймағамбетов кей аймақтарда жағдай керісінше болуы мүмкін екенін жасырмайды.

 

"Сондай фактілер болуы да мүмкін. Бірақ әр факті бойынша жұмыс істейтін болсақ, әрине біз нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан бізге бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек", - дейді ведомство басшысы.

 

Асхат Аймағамбетов мектептерде жұмысқа орналасу кезінде жемқорлықтың алдын алу үшін білім туралы заңға өзгеріс енгізгенін атап өтті.

 

"Сол заң бойынша енді мұғалім болып мектепке тұру үшін кандидат бірқатар критерийлерге сай болуы тиіс. Жақында Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы қабылданды. Мен қол қойдым. Сол бұйрық бойынша енді директор өз еркімен мұғалімді жұмысқа ала алмайды. Электронды форматта болады, екіншіден нақты бекітілген критерийлер арқылы ғана жұмысқа алатын болады. Ол бекітілген критерийлер.

Мысалы мұғалімнің доктор атағы болса оған 10 балл алады. Оның шебер атағы үшін, жоғарғы категориясы үшін 10 балл беріледі. Егер оқуын қызыл дипломмен тәмамдаса оған да берілетін арнайы балы бар. Магистр дәрежесіне, еңбек өтіліне байланысты да бағаланады. Халықаралық, республикалық, облыстық олимпиада жүлдегерлерін дайындаса кандидаттың мүмкіндігі еселенеді. Байқауға қатысқанда тиісті критерилерді мұғалім өзі белгілейді. Кімнің балы көп - сол қабылданады. Меритократия принциптері бойынша шын мәнінде білікті, білімді маман мектепке орналаса алады", - дейді Асхат Аймағамбетов.

 

 

 

 




Көрілген: 790    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 18:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31