Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов сертификаттар, дипломдар, медальдар сататын ұйымдардың жолын кеспек

  • Асхат Аймағамбетов сертификаттар, дипломдар, медальдар сататын ұйымдардың жолын кеспек

    Асхат Аймағамбетов сертификаттар, дипломдар, медальдар сататын ұйымдардың жолын кеспек

 ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сертификаттар, түрлі дипломдар, медальдар, ерекшелік белгілерін сатумен айналысатын ұйымдардың жолын кесуге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіби дамыту орталығы деп аталатын ұйымдар қаптап кетті. Ал іс жүзінде олар сертификаттар, түрлі дипломдар, медальдар, ерекшелік белгілерін сатумен айналысады. Біз олардың қызметінің жолын кесу қажет деп санаймыз және педагогтар мұндай «қармаққа» ілініп қалмауы тиіс», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында. Оның айтуынша, аталған жайтқа байланысты қазіргі уақытта бұйрықтар мен нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетін болады. «Бұл педагогтардың осындай наградаларды жинауына мүмкіндік бермеу үшін жасалады. Ал ведомстволық наградаларға қатысты айтар болсам, бұл жерде де ашықтық қамтамасыз етіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.

ҚазАқпарат




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

жұма, 21.08.2020, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31