Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов Ұлттық кеңес мүшелерімен Президент тапсырмаларының орындалу барысын талқылады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық кеңес мүшелерімен онлайн форматта Президент тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуын талқылады. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Күн тәртібіндегі негізгі мәселе мамыр айында өткен Ұлттық кеңестің 3-інші отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды. Аталған 3-і отырыстың нәтижесі бойынша, 30 пунктіден тұратын жоспар қабылданған болатын. Міне, осы жоспардың орындалуы бойынша, әрбір ұсыныс қалай қаралып, қандай шешім қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша министр арнайы ақпарат берді. Яғни, бұл кездесу мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арасында кері байланыс орнатудың жақсы үлгісі болды. Әдетте мемлекеттік органдар қоғам белсенділермен кездесу өткізіп, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдаса да, көп жағдайда сол айтылған ұсыныстар қалай қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша ақпарат бермейді. Сондықтан, бүгінгі кездесу Ұлттық кеңес мүшелеріне Білім және ғылым министрлігінен екі ай бұрын өткен жиын барысында көтерген өз ұсыныстарына қатысты нақты жауап алуға мүмкіндік берді", - деп жазды Ерлан Қарин.

 

Сондай-ақ жазбада Ұлттық кеңес мүшелері Канат Ильич Нуров, Гульмира Илеуова, Асылбек Қожахметов, Айгүл Орынбек, Арман Кашкинбеков, Мұхтар Тайжан, Erlan Sairov министрге жұртшылықты алаңдатып жүрген көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізгені жайында айтылады.

 

"Жиын аяғында, белгілі бір уақыт өткеннен кейін талқылауды тағы ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды. Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің орталық мемлекеттік билік органдарының басшыларымен кездесу практикасы жалғасатын болады. Үкіметпен министрлердің Ұлттық кеңес мүшелерімен осындай талқылауларды тұрақты өткізу бойынша жоспар қабылданды", - делінген жазбада.

 

Ерлан Қариннің айтуынша, келесі аптада Ұлттық кеңес мүшелерінің экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен онлайн форматтағы талқылауы өтеді.

 

 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 20:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31