Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға алғысын білдірді

  • Асхат Аймағамбетов ұстаздарға алғысын білдірді

    Асхат Аймағамбетов ұстаздарға алғысын білдірді

Министр ұстаздарға өз ісіне деген сүйіспеншілік пен балаларға деген шексіз махаббаты үшін алғыс айтты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алғыс айту күнінде ұстаздарға алғыс айтып, facebook-тегі парақшасында жазба қалдырды. 
"Бүгін &ndash Алғыс айту күні. Сіздерді мейірімділік, жақсылық, достық пен ізгіліктің символына айналған мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Педагог-әріптестеріме пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында кәсібилік танытып, қажырлы еңбек еткені үшін ерекше алғысымды білдіремін. Мұғалімдер уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін табандылық танытты. Сынақтардың арқасында мықты бола түстік", - деді ол. 
Министр ұстаздарға өз ісіне деген сүйіспеншілік пен балаларға деген шексіз махаббаты үшін алғыс айтты.

"Осынау қиын кезеңде қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін оқушыларымыз бен студенттеріміздің ата-аналарына алғысым шексіз. Біздің балаларымыз талантты әрі ақылды. Олар &ndash еліміздің болашағы. Біз балалардың сапалы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматтары болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыстар тілеймін", - деді Аймағамбетов.




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 12:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31