2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Жаңалықтар

Астаналық әйел докторлық диссертация «жазушыға» алданып қалды

  • © Қазақпарат

    © Қазақпарат

Қазақпарат - Семейлік азаматқа докторлық диссертация жаздыртып алмақ болған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны алданып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 маусым күні Семей қаласының полиция басқармасына астаналық әйелден арыз түскен. 43 жастағы елорда тұрғыны өзі жете танымайтын адамға докторлық диссертация жазғызу үшін 1,5 млн теңге ұстатып қоя береді. Уәдені үйіп-төккен ер адам қолына ақша тиген күні-ақ телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен.

«Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31