Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 2020 жылы өтеді. Оған 2019 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды.

 

Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы.

Абай өзінің қара сөздерінде адамзат баласына ортақ мұраларды дәріптей отырып, рухани биікке құлаш сермеп, алысқа қанат қаққанын көрсетеді. Оның қара сөздерінің арқауы – кісілік, мәдениет, ізгілік. Хакім Абайдың қара сөздеріне балама еңбек іздесек, француз ойшылы Монтеньнің жазбалары ойға оралады. Десек те, Монтень өз болмысы мен адам тұлғасы жөнінде көбірек ой толғаса, Абай қара сөздерінің басты миссиясы – ойлану, өзгеге ой салу, мақсатты ұстанымға айналдыру. Демек, ұлы ойшылдың қара сөздері – аса құнды еңбек.

 

Осыған орай, ақпан айынын он үші күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Білім беру процесін психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Б.Шериевтің қатысумен Сайрам ауданы, Көлкент ауылы №96 5 « А» сыныбында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сабақтың өтудегі басты мақсаты: Ұлы ақын шығармаларын талдай отырып, Абайды жан-жақты таныту және оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру болып табылды.

 

 

Тәрбие сағатын Абай өмірімен, шығармаларын таныстырып , кіріспе сөзбен ашып бердім. Кіріспе сөзден соң оқушылар Абайдың қара сөздерімен, өлеңдерін жатқа айтып, өз ойларымен толықтырып отырды. Абдикаримова Жасмин атты оқушым 31 қара сөзін жатқа айтып ,сабағын оқуда, үйренуде басты бағыт етіп алдым десе, Абдимавланова Юлдуз «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқып, жастарды оқу білімге жетелеуге құлшынысын оятатын керемет өлең деп баға берді.

Сонымен бірге Асан Телли «Ғылым таппай мақтанба», Имамтаева Чарос «Жаз» , Абдижалилова Севгина «Қыс» Сирожитдитнова Окила «Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңдерін оқып әдебиетке деген өз құлшыныстарын байқатты. Тәрбие сағатынын соңында Б. Шериев оқушылардың Абай өлеіңіне деген құштарлығы мен белсенділігіне өз ризашылығын білдіріп, оқушыларға оқуда озат болып, өз отанының патриоты болуға шақырды.

 

Түркістан облысы, Сайрам ауданы,
Көлкент ауылы «№96 » жалпы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Меңгильбекова

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста