Жаңалықтар

Ата-аналар ағасының мәйітін сарайда жасырған мұғалімнің сабақ беруіне қарсы

  • © azh.kz

    © azh.kz

Сарайында қайтыс болған ағасының денесін ұзақ уақыт бойы жасырған Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылының мұғаліміне қатысты іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

 

Еске салайық, биыл қаңтарда Таңдай ауылында 82 жастағы тұрғын Сағынғали Ақберлиевтің мәйіті табылған болатын. Ер адам қарындасымен бірге тұрған, ол мектепте мұғалім. 

 

Ауыл тұрғындарының сөзінше, соңғы уақыттары ер адамды ешкім көрмеген, сөйтіп оның туыстары алаңдай бастаған. Артынша әйел адам бірнеше ай бойы ағасының мәйітін үйдің сарайында жасырғаны анықталды. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

 

Әлеуметтік желіде әйел адам ағасын былтыр жазда өлтіріп, артынша мәйітін бөлшектеп, үлкен сөмкеге жасырып қойғаны туралы ақпарат тарады. Тергеу уақытында әйел жұмыстан босатылды.

 

Алайда зейнеткерді біреу өлтіргені расталмады. Сараптама ер адам өзі қайтыс болғанын көрсеткен.

 

"Іс тоқтатылғанын білеміз. Оның жұмысқа қайта келуіне байланысты - біз аудандық прокуратурадан жауап күтеміз. Бұған қатысты басқа ештеңе айта алмаймыз", - деді Ахмедияров атындағы орта мектеп директоры Серік Қойбақов.

 

Алайда ата-аналар мұғалімнің мектепте жұмыс істеуіне қарсы. 206 адам Бақсай ауылдық округіне, аудан прокурорына, облыстық білім басқармасы мен Nur Otan бөлімшесіне өтініш жазған.

 

"Оның ағасының мәйітін неліктен талай уақыт жасырып, оны көрмегенін айтқаны түсініксіз. Ондай адам мектепке оралғанына және балаларымызды оқытқанына қарсымыз. Егер жергілікті билік өтінішімізді қарастырмаса, президент пен білім министріне жүгінеміз. Егер ол жұмысын жалғастырса, кейбір ата-ана баласын мектепке апармауға дайын", - делінген ауыл тұрғындарының өтінішінде. 

 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 228    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31