Жаңалықтар

Ата-аналарының жалақасы жайлы эссе жаздырған мектеп ұстаздары тұрғындардың ашуын тудырды

  • Ата-аналарының жалақасы жайлы эссе жаздырған мектеп ұстаздары тұрғындардың ашуын тудырды

    Ата-аналарының жалақасы жайлы эссе жаздырған мектеп ұстаздары тұрғындардың ашуын тудырды

Шу оқушылардың "Отбасылық бюджет" тақырыбында жазған эсселері әлеуметтік желіге шығып кеткен соң басталған. Эсседе Қарағандының нөмірі 68 мектебінің төртінші сынып оқушылары ата-аналарының жалақылары, коммуналдық төлемдерге кететін ақша мен басқа да шығындарды тізіп көрсеткен. Мұны көрген ата-аналар азаматтық құқықтың бұзылғанын айтады. 

"Балам біздің жалақыны санамақ түгілі, дүкенге бармайды. Мұны менің жеке өміріме қол сұғу деп білемін. Бұған мүлдем қарсымын. Балалар отбасылық бюджетке араласпау керек. Білім саласының шенеуніктері бұл жерде баланың құқығын бұзып отыр. Ата- ананың  жалақысы аз болса, басқа оқушылар ертең оны бөлектеп, саусақтарын шошайтады. Шенеуніктер қылмыстық кодекстің 147 -бабы, жеке басқа қол сұғу деген заңды ұмытқан сияқты", - дейді қарағандылық ана Ботагөз Омарова.

 
Шығарманы көрген қарттар да жағаларын ұстады. Айтуларынша, мұғалімдер баланы балалық шағынан айырған.


"Айналып алдыма келесіңдер" деп сес көрсетеді": Алматылық директор мектептегі жылуды талап еткен жалғызбасты ананы сотқа бермекші


"Біздің қалтамызға қол сұққанша, оқуды жетістіріп алсын. Немерелерімнің әжесі ретінде айтарым, жағдайымыз оңып тұрған жоқ. Сабақ оқытсын, не сұмдық бұл?!" - дейді тағы бір Валентина Петрова есімді ана

"Балалар неге ата-анасының жалақысын білу керек? Оған неге бастарын қатыру керек? Сабақтарын оқысын", - деді Ирина Рассохова. 

Мектеп әкімшілігі бұған қатысты сұхбат беруден бас тартты. Себебі тапсырма білім бөлімінен келген дейді. Ал шенеуніктер бұндай мазмұндағы эсседен хабарсыз болғандарын жеткізді.

"Менің ойымша, бұндай тапсырманы эссе түрінде оқушыларға беру дұрыс емес. Одан да викториналық тапсырмалар берілу қажет. Бұл жерде мұғалім дұрыс нұсқаулық бермеген. Аталмыш жағдайды тексереміз", - дейді Қарағанды қаласының білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Наталья Головина. 

Шенеуніктің айтуынша, қазір қаладағы барлық мектепте қаржылық сауаттылық апталығы өтіп жатқан көрінеді. Соған сәйкес әр мектеп іс- шаралар жоспарын өздері жасайды. Бірақ білім бөлімі оны тексермейтіндерін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін мектеп сауалнамасындағы сұрақтар қазақстандықтардың талқысына түскені айтылған еді. 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 11:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30