Жаңалықтар

Атырауда 9-11-сынып оқушылары сабақты қашықтан оқуды жалғастырады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Атырау облысының мектептерінде 9-11 сыныптардың оқушылары ІІІ тоқсанның сабағын қашықтан оқуды жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9-11 сыныптардың оқушылары үшін сабақты офлайн өткізу жөнінде шешім қабылданбаған.

 

«Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысына сәйкес, оқушылар сабақты қашықтан оқиды. Бұл өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып отыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының бас санитар дәрігерінің №71 қаулысында:

 

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген еді.

 




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 10:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30