Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Атырауда мектеп директоры баланы оқуға қабылдау үшін пара алған

24 тамыз 2020, 20:39

Атырау облысының Жылыой ауданында мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

20 тамыз күні Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жылыой ауданының мектеп директорын ұстады.

 

Директор баланы мектепке дейінгі сыныпқа қабылдау үшін делдал арқылы білім бөлімінің бас маманынан 20 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

 

Барлық аталған адамдар кінәсін толық мойындады.

 

Қазіргі таңда, іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

Олардың іс-әрекетіне түпкілікті бағаны сот береді.