Жаңалықтар

Атыраулық мұғалім: "Тәуелсіздік күніне сыйақы алуға ұстаздар лайықсыз ба?"

  • ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

    ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Атыраулық мұғалім Жанаргүл Шарғабаеваны мұғалімдердің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сыйақы алмайтыны қынжылтады. Ол ұрпақ тәрбиелеп, білім беріп отырған ұстаздардың осындай үлкен мереке кезінде көлеңкеде қалып қоятынына наразы, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

"Мереке күндері және жылдың соңында көптеген сала қызметкерлерінің сыйақы алатынын мәлім. Педагогтар да жылдың аяғында еңбектері еленіп, мерекеге орай сыйақы алудан дәмеленіп отыр. Жыл сайын оны мемлекеттік қызметкерлер мен мұнайшылар алады", — дейді мұғалім Жанаргүл Шарғабаева.

 

Оның айтуынша, шенеуніктер мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасай алмаса да, тым болмаса, бес жылда бір рет сыйақымен қуантуға болады.

 

"Жыл ортасынан асқаннан кейін шенеуніктердің қаржыны игеру мәселесімен айналысатынын жақсы білеміз. Қаражат әр мекеменің жеке шотында болса да, оны басқарып, қайда жұмсайтынын басшылар шешеді. Жасыратыны жоқ, кейде еңбекақыны да кідіртіп жатады. Бар қаржының рахатын көрмей отырған аудандардың бірі — біздің Жылыой ауданы, — дейді ұстаз.

 

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

 

Мұғалімнің сөзінше, әріптестері ноутбук пен принтерді өз ақшаларына сатып алады. Сол себепті мұғалімдер үйдегі заттарын мектепте тасып, сабақ беруге мәжбүр. Сондай-ақ материалдық базасы көтермейтін мектеп жаңартылған білім мазмұнын толыққанды жүзеге асыруға қауқарсыз болып отыр.

 

Осылайша барлық құралын мектепке арқалап барып жүрген мұғалімдер сыйақыға лайықты ма? Лайықсыз ба? Лайықты десек қаражатты қыспай, жомарт алақанды аша салатын кез келіп тұр. Ақша жоқ дейді. Бірақ жемқорларға жейтін ақша табылып тұр, — дейді ұстаз.

 

Жемқорлық демекші, Express Qazaqstan осыған дейін облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары 54 млн теңгені жымқырғаны үшін бес жылға сотталғанын хабарлаған болатын.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 00:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31