Жаңалықтар

Ауыл оқушысының арманы орындалады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

«Шетелде оқу – қымбат тірлік». Бұл – ауыл жастардың ойы. Өйткені ескі түсінікке сенсек, қаланың оқушылары ғана шетелде білім ала алады.

 

Иә, практикалық әрі заманауи білімді іс жүзінде көрмей, жаһандық стандарттарға сәйкес ақпарат алмай, тіпті шет тілін оқу мүмкіндігі толық қарастырылмаған ауылда оқыған баланың бұлай ойлауы да заңды. Бірақ бұл стеротипті түсінікпен күрескен қыз – ауыл мектебінің түлегі.

 

Маржан Нұрлыбекқызы бірнеше жыл бұрын дәл осындай жағдайға, ауыл оқушыларына деген қарым-қатынасқа көндіге алмай, намысқа тырысып, өз бетінше ағылшын тілін оқиды. Соның нәтижесінде Италиядағы Ла-Сапиенца университетіне оқуға түсіп, әлемдегі ең танымал оқу орнында білім алды. Алайда Шиелі ауданында туып, қарапайым ауыл гимназиясында білім алған ол өзінің бастапқы жолын ұмытпайды. Жеке тәжірибесіне сүйеніп, кездескен қиындықтарын саралай келе Marzhan’s Online School орталығының негізін қалайды.

 

Осылайша, өзі сияқты қазақтілді, зейінді ауыл жастарына ағылшын тілін үйретіп, шетелдегі танымал университеттерге оқуға түсуге көмектеседі. Тіл орталығының соңғы мәліметтеріне сүйенсек, оқушылардың 95%-ы ауыл жастары болса, қалған 5%-ы қалалық оқушылар.

 

Қазақстан нарығында инфобизнеспен айналысатындардың көбі маған жазылмаса да, мектеп жайлы хабардар. Ол туралы клиенттерім: «Осы кісі маған сіз туралы айтып еді», - деп жатады. Ал ауыл жастары орталығымыз туралы көбіне таныстарынан естиді.Менімен байланысқа шығатын ата-аналар «Сізге сенеміз. Ана тілін білетін ауылдан шыққан қазақтың қызысың ғой. Балам өзіңе аманат» дегенде, әрине, жүрегім жібіп кетеді. Алайда мен саналы түрде бұның өте үлкен жауапкершілік екенін жақсы түсінемін – дейді  Маржан Нұрлыбекқызы

 

Орталық басшысының сөзінше, қызмет көрсетудің 2 түрі бар. Біріншісі – ағылшын тілі курстары, екіншісі – ағылшын тілін жетік білетін қазақ жастарын шетелдегі жоғарғы оқу орындарын грантқа түсіру. Оның өзі 4 кезеңнен тұрады:

 

1. Оқуға түсуге қажетті құжаттарды дайындау. Бұл қадам университеттен шақырту келгенге дейінгі уақытта жүзеге асады.

 

2. Стипендияға құжат тапсыру.

 

3. Елшілікке құжат (диплом, сертификат) тапсыру. Бұл кезеңде студенттің құжаттары қаншалықты деңгейде ресми екендігі анықталады.

 

4. Визаға құжат тапсыру.

 

Орталық қызметі тек кеңес берумен шектелмейді. Мамандар студенттің шетелге келуін ұйымдастырып, күтіп алып, Еуропадағы оқу орнымен таныстырады.

 

Мысалы, кейбір агенттіктер дәл осындай қызмет үшін 2 миллион көлемінде қаражат алады. Ал менің орталығымда бұл сомма 800 мың көлемінде. Осының негізінде біз студенттеріміздің Еуропа шекарасына кіріп, оқу орнына орналасқанға дейінгі аралықта көмектесеміз – дейді жас маман.

 

Бүгінгі статистикаға сәйкес, Қазақстанның үздік жоғарғы оқу орындарында ақылы оқудың ең төменгі соммасы 850 мың теңгені құрайды. Ал Маржан Нұрлыбекқызының айтуынша, студенттер орталықтың көмегімен дәл осы ақшаға Италияда тегін білім ала алады.

 

Әрине, мен су ішкен құдығыма түкірмеймін, бірақ ол жақтағы (Еуропадағы – Е.Ж.) оқу мен Қазақстандағы оқуды салыстыруға келмейді. Шетелде жүйе басқа, - дейді ол.

 

Орталықтың жұмысын сырт көз «Болашақ» мемлекеттік стипендиялық бағдарламасына ұқсатады. Алайда орталықтың студенттері шетелде тегін оқығандары үшін ештеңеге міндеттелмейді. Қазақстанға оралып, елдің дамуына үлес қосамын десе де өз еркі.

 

Тіл мектебінің тағы бір айырмашылығы – таза қазақ тілді аудиторияға арнайы дайындалған әдістеме. Егер қазақ жастары осы уақытқа дейін ағылшын тілін орыс тілді кітап, сөздіктер арқылы үйренсе, бұл орталықта оқу тікелей қазақ тілі мен ағылшын тілі арқылы жүзеге асады.

 

Мен Қызылорда облысында дүниеге келген ауылдың қызымын. Біздің қоғам қазақ тілді балаларды кемсітуге жол беріп қойған. Маған да бұл жағдай жақсы таныс. ҰБТ тапсыру кезінде мемлекеттік қызметшілер мен мұғалімдерден «Өңірлерден келген балалар жетістікке жетпейді» дегенді де естігем. Рас, мен де 1-курста “put” және “cut” сияқты қарапайым сөздерді айта алмайтынмын. Бірақ, ақырында, бір-екі жылдың ішінде IELTS-ты 8 балға тапсырып, Италиядағы жеті ғасырлық тарихы бар ең беделді Ла-Сапиенца университетіне шақырту алдым, - дейді орталық басшысы.

 

Шынымен, қордаланған білім жүйесінің зардабын көрген жастар білім алған соң шетелдік стандарттарға сәйкес білім алғысы келеді. Сол себептен шетелде оқуды армандайды. Ал олардың көбі тіл білмегендіктен не «Шетелде қалай тегін оқуға болады?» деген сұрақтарына жауап таба алмағандықтан армандарынан бастартады. Маржан Нұрлыбекқызы осындай ауылдың талантты ұлдары мен еңбекқор қыздарына өз жолдарын табуға көмектескісі келеді.

 

Мен олардың өз ата-аналарына салмақ салмай-ақ Кембридж не Оксфорд туралы армандарын орындау үшін жұмыс істеймін, - дейді Маржан Нұрлыбекқызы.

 

Бүгінде тіл курстарын онлайн форматта оқытқан студенттердің саны 3000-нан асқан. Студент аталған орталыққа келген күннен бастап талғамы мен сұранысына сәйкес келетін Франция, Германия мен Италиядағы жоғарғы оқу орындарының бірін таңдап, кәсіби мұғалімдерден сабақ алып, арнайы мамандардың көмегімен шетелде оқуға дайындалады.

 

Ең бастысы – орталыққа жүгінген студент Еуропада тегін оқиды. Сондай-ақ, 12 айда 2 миллион теңге көлемінде шәкіртақы алады.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.09.2021, 22:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31