Жаңалықтар

Аймағамбетов "ата-аналарды кешкі 6-дан кейін жұмыста ұстамау" ұсынысына не деді?

  • Аймағамбетов

    Аймағамбетов "ата-аналарды кешкі 6-дан кейін жұмыста ұстамау" ұсынысына не деді?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беру барысында "ата-аналарды кешкі 6-дан кейін жұмыста ұстамау" туралы ұсынысқа қатысты өз ойын ортаға салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

"Парламент депутаттары "мемлекеттік қызметкерлер мен ірі кәсіпорындарда еңбек ететін ата-аналарды сағат 18:00-ден кейін жұмыста ұстамау керек" деді. Қосыласыз ба?", - деп сұрады министрден Нартай Аралбайұлы. "Бұл кешенді проблема. Сағат алтыда ата-аналарды үйге жіберсек, мәселе шешімін табады деген сөз емес. Мұндай проблемаларды көтергенде ғылыми негізде оны зерттеуіміз керек... Алты-алты жарымда ата-аналардың үйіне баруы, жалпы қызметкерлердің үйіне қайтуы - бұл заңда белгіленген мәселе. Сондықтан, бұл әр адамның өзінің таңдауы, жұмыс берушінің шешімі деп ойлаймын. Сол себепті, бұл мәселе өз тәртібімен шешіледі деген пікірдемін... Бұл кешенді ведомствоаралық жұмыс болуы керектігімен келісемін", - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов. 

Еске салсақ, бұған дейін Асхат Аймағамбетов алдағы ҰБТ қалай өтетінін айтып берген еді. Министр әр баланың тест тапсыруына ыңғайлықтар қарастырылғанын алға тартқан болатын. Аймағамбетов тест уақытын наурыз айынан бастап таңдауға болатынын және тест кезінде калькулятор қолдануға рұқсат етілгенін айтуда. "Калькуляторға келсек, оны таңдаған мамандығына қарамастан, бәрі қолдана алады. Себебі, оны қолдануды да білу керек. Ол да функционалдық сауаттылық. Қиын есеп болса, калькулятор тұрмақ, басқа не берсең де, ол оны қолдана алмайды. Бірақ біз беретін калькулятор өте қарапайым, қосу, алу, бөлу сияқты функциялары ғана бар", - дейді министр. Одан бөлек, Білім және ғылым министрі өзіне "шабуыл жасап жатқандар" туралы ағынан жарылған. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.01.2021, 23:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30