Жаңалықтар

Аймағамбетов мұғалімдерді сабақтан тыс жұмысқа тартпауды тапсырды

  • https://bilimdinews.kz/

    https://bilimdinews.kz/

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тараз қаласына жұмыс сапарымен келіп, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге мектеп директорларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Кездесу М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында өтті. Басқосуды ашқан облыс әкімі жыл сайын облыста жаңа мектептер салынып, тозығы жеткендері күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын атап өтті. Жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталу мүмкіндігін ескере отырып, Президент тапсырмасына сәйкес мектептердің балаларды қабылдауға дайындығы пысықталуда.

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес білім саласында қолға алынған реформалар өз жалғасын табатын болады. Бұл бағытта Жамбыл облысында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. PISA (математикалық сауаттылық деңгейін бағалау), TIMSS (математикалық және жаратылыстану ғылымдарының сапасын зерттеу) халықаралық зерттеулерінің талдауы облыстың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгенін көрсетіп отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Ол өз сөзінде білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудартты.

 

 

«Облыстың барлық мектептерінде бақылау камералары орнатылып, жылы санитарлық тораптармен қамтылған. Мектептер кезең-кезеңімен авариялық дабыл түймелерімен, турникеттермен жабдықталады, камералар облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен интеграцияланатын болады. Әр баланың деректері енгізілген әлеуметтік карталар ашылуда», - деді облыс әкімі.

 

Асхат Аймағамбетов министрлік жүзеге асырған бірнеше жобалармен таныстырып, мұғалімдер мен мектеп директорларын іріктеудің жаңа ережелері қабылданатындығын жеткізді.

 

Министр мектеп директорларынан білім беру мекемелеріндегі бюрократияны жоюды талап етті.

 

Министрлікпен білім беру ұйымдарының педагогтарының жүргізуі міндетті құжаттардың нақты тізбесін бекітіпті.

 

«Бұйрыққа сәйкес күн сайын тек екі құжат толтырылуы тиіс. Сол екі құжат бойынша жұмыс істеу маңызды және мұғалімдердің жұмысын қолдан қиындатпау керек. Олардың басты міндеті – сабақ өткізіп, балаларға білім берумен айналысу. Мұғалімдерді сабақтан тыс жұмыстарға тартпаңыздар», - деді ол.

 

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев та мектеп директорларына тәрбие үдерісіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

 

Кездесуге қатысушылар да өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1033    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30