Жаңалықтар

Аймағамбетов: Ұстаздар үшін жағымды жаңалық болады

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1 триллион 202 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Қаражаттың барлығы мәжілісте қарастырылып жатқан бюджет туралы заңда жазылған. Сондықтан тиісті ұсыныстар ұстаздар үшін жағымды жаңалық болады деп санаймын", - деді білім министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.


"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасының түсіндірме жазбасында құжатты іске асыру қанша қаржыны талап ететіні көрсетілген.


"Заң жобасын іске асыруға 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 1 202 053 580 000 теңге, оның ішінде 2020 жылы 214 307 301 000 теңге, 2021 жылы 410 868 734 000 теңге, 2022 жылы 576 877 545 000 теңге қажет", - делінген онда.


Айта кетсек, бүгін Аймағамбетов мәжілісте "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын таныстырды. Құжатты әзірлеу кезінде жұмыс тобы құрылып, құрамына жетпістен аса маман енген. Олар: практикамен айналысатын педагогтер, заңгерлер, ғалымдар, мектеп басшылары мен қалалық кәсіподақ өкілдері. Педагогтер мен жұртшылық тарапынан 8 мыңнан аса ұсыныс түсті.


Тағы оқыңыз: "Бүгінгі жүйе – қаскөй жүйе". Бекболат Тілеухен білім саласын сынға алды – видео


Жаңа заң жобасына сәйкес, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 процентке ұлғаяды. Сондай-ақ, сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін қосымша ақы екі есеге өсіріледі. Бұдан бөлек, педагогикалық шеберлік үшін де үстеме төленеді.


 




 




Көрілген: 2946    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 17:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31