Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бағасы – бір теңге: Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауыл мектебі саудаға шығарылды

25 қазан 2020, 17:05

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше ауылдың бос қалған мектеп ғимараттары аукцион арқылы саудаға шығарылды. Өйткені, ол жерлерде оқитын ешкім жоқ. Жергілікті тұрғындар қалаға көшіп, ауылда тек қарттар ғана қалған.

 

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы Үлгі ауылында қазіргі кезде он сегіз адам ғана тұрады, деп хабарлайды жергілікті Петропавловск.news порталы.

 

Он жыл бұрын бұл жердегі тұрғындар саны 235 болса, тұрмыс тәуір жылдары мұндағы халық саны 400 адамнан асқан екен.

 

Сапалы салынған мектеп ғимараты көптеген жылдар бойы бос тұрған. Енді ол сатылымға қойылды. Бағалаушылар ең қарапайым стандарттар бойынша есептегенде ғимарат құны кем дегенде 3,7 миллион теңгені құрайды деп санайды.

 

Солай десек те, оны сатып алушы болмай тұр: тұрғындары қалмаған ауылда бұл ғимарат ешкімге қажет емес. Сарапшылар аукцион шарты бойынша сауда-саттық тым төмендеген жағдайда, мектепті бір теңгеге сатып алуға болады дейді. Бірақ соның өзінде оны сатып алуға ешкім құлықты емес.

 

Осыған ұқсас жағдай Жамбыл ауданының Рождественка ауылында да кездеседі. Мұнда ауданы 1 264 шаршы метр болатын екі қабатты үлкен мектеп сатылымға шығарылуда. Оның сметалық құны &ndash 9,4 миллион теңге, ал ең төмені &ndash бір теңге. Ал бұл қазір он үш адам ғана тұрады. Өткен жылы ауылда 44 тұрғын болған. 20 жыл бұрын мұнда 372 адам өмір сүрген.

 

Мұндай тізімді Ақбалық ауылындағы 1980 жылы салынған екі қабатты мектеппен жалғастыруға болады. Аумағы 562 шаршы метрді құрайтын оқу орнының бастапқы бағасы &ndash 1,7 миллион теңге. Айта кетерлігі сол, Ақбалық ауылы қазір жоқ. Ол 2018 жылы жойылған. Ал  жиырма жыл бұрын мұнда 260 адам тұрған.

 

Сатылатын мектеп ғимараттары санатында Есіл ауданының Новоузенка ауылында аумағы 3 327 шаршы метр болатын үш қабатты бұрынғы білім ошағы да бар. Оның сметалық құны &ndash 27,2 миллион теңгені құрайды. Мектеп 1983 жылы салынған, сол кезде Новоузенка ауылында 950 адам өмір сүрген. Қазір ауылда 30 тұрғын бар. Бұл жердегі басты проблеманың бірі &ndash судың жетіспеушілігі. Тұрғындар сол үшін көрші ауылдарға көшкен.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта Солтүстік Қазақстан облысында мектептердің жалпы саны 127-ге азайды. Ал бастауыш және орта мектептердегі оқушылардың жалпы саны сегіз мың адамға төмендеген.

 

Жалпы алғанда, соңғы 20 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 302 мектеп жабылды (478 қалды). Ал оқушылар саны 135,2 мыңнан 78 мыңға дейін азайды.

 

 

 

sputnik.kz