Жаңалықтар

Бағдарламалау негіздері пәні 1-сыныптан бастап енгізіледі - Асқар Жұмағалиев

  • https://adukar.by/

    https://adukar.by/

Биыл бағдарламалау негіздері пәні 1-сыныптан бастап енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Цифрлық Қазақстанның» бірінші бағыты - адами капиталды дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Еліміздің барлық мектептері компьютермен жабдықталды. Мектептердің 93 пайызы Интернет желісіне қосылған. Жоғары білім беруде 2019-2020 оқу жылына цифрландыру бағыты бойынша 19 мыңға жуық грант бөлінді. Білім сапасын арттыру үшін 2019 жылы Астана хаб базасында «Әлем» бағдарламалау мектебі және Нұр-Сұлтан қаласында Astana IT университеті ашылды. Ол жерде жаңа буын мамандары дайындалады», - деді ол.

 

Министрдің дерегінше, халықтың цифрлық сауатын ашу курстары тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде халықтың цифрлық сауатының деңгейі 79 пайыздан асып отыр.

 

«Біз 2020 жылы да осы жұмыстарды жалғастырамыз. Бағдарламалау негіздері пәнін 1-сыныптан бастап енгіземіз. Алматы қаласында екінші «Әлем» және АХҚО базасында QWASAR бағдарламалау мектептерін ашамыз. Цифрлық сауатты 80 пайызға жеткіземіз»,- деді Асқар Жұмағалиев.

 




Көрілген: 178    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 11:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30