Жаңалықтар

Бақытбек Смағұл: Оқулық па әлде қателер жиынтығы ма?

  • Бақытбек Смағұл. Facebook.com/Baqytbek Smagul

    Бақытбек Смағұл. Facebook.com/Baqytbek Smagul

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл 1 сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығынан көптеген қате тапты. Осы орайда ол Facebook желісіндегі парақшасына "оқулық па әлде қателер жиынтығы ма?" деген тақырыппен пост жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Депутат пост жазуына Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған жаңа оқулықтағы өрескел қателер себеп болғанын айтады.


"Биылғы 13 тамыздағы Үкімет отырысында БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетовтың "1 қыркүйектен бастап, оқушылар мен ата-аналар электронды оқулықтарды Білім және ғылым министрлігінің сайтынан жүктеп ала алатынын" мәлімдегені есте. Уәде етілгендей, олар қазір сонда тұр.

Оқулықтарды қарап отырып, оларда жолыққан жөнсіз қателіктер жанға батып, жігерімді құм қылды. Бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін түйткіл болды", - деп жазды депутат.

Оның көтеріп отырған мәселесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінің оқулығы – "Smiles 1 Pupil's Book for Kazakhstan Grade 1" (Jenny Dooley, Virginia Evans, аударған Н.Мұхамеджанова) туралы болып отыр.


Бақытбек Смағұл аталған оқулықты қарап шығып, төмендегідей өрескел қателіктерді анықтаған:


"Мәселен, түстер бөлімінде "blue" орысша «голубой» деп берілсе, қазақша "көк" деп аударылған. Дұрысы, әрине, "көгілдір".


"Pink" орысша "розовый" делінсе, мемлекеттік тілде "ал қызыл" деп көрсетіліпті. Дұрысы, бұл – сөз тіркесі емес, бір сөз, бірге жазылады.


Бұрыс жазу сандар бөлімінде де байқалады. Мәселен, three қазақшасы "уш" деп беріліпті. "Table" қазақшасы "устел" екен.

"Big" дегеніміз "улкен" көрінеді. "Ү" әрпінің кімге, неліктен ұнамай қалғаны, оған не себептен қырғидай тиіп, жөнсіз алмастырылғаны түсініксіз.


Бір қызығы, "Chicken" "таүық" болып, "у" әрпі негізсіз "ү"-ге өзгертілген.


Сорақы тәржіма мұнымен бітпейді. "Doll" немесе "кукланың" қазақшасы қалай деп ойлайсыз? Білетін боларсыз. Ал мына оқулық кесірінен балаларымызға оны мектепте "қуыршық" деп үйретеді.


Қазақ тілінің үндестік заңдылығына, тілдің фонологиялық ерекшеліктеріне сай "машинаны" "мәшине" деп жазу 2017 жылы қабылданған болатын. Бұл термин А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне кірді және өзге оқулықтарда жаппай қолданылуда. Бірақ ағылшын тілі пәнін әзірлеушілер жаңалық тауып, оны "мәшіне" деп аударыпты.


Атап өту керек, орысша аудармаларының жазылуында бір де бір қате жоқ.


Жауапты тұлғалар, оқулықты әзірлеушілер, олардың үстінен қараушылар бірінші кезекте орыс және ағылшын тіліндегі нұсқаларының дұрыс болуына баса мән бергенге ұқсайды.


Ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы "әйтеуір бар болса болды" деген немқұрайлылықтың құрбаны болған сыңайлы.


Мұндай оқулықтар сауаттандыру орнына, сауатсыз ұрпақ қалыптастыруға, мемлекеттік тілді өрістетуге емес, өмірем қаптыруға ықпал етпек!


Оқулықта басқа да ақылға қонбас дүниелер бар. Мәселен, онда Қазақстан туы көрсетіліп, қасына "Алдар көсенің дөңгелек жүзі және қысық көзі болған" деп ағылшынша жазылған.

Алдар көсенің кім екенін білмейтін, тек көк тудың қазақтарға қатысы барын түсінетін қазіргі балаларға бұл мәлімет нендей ұлағат-өнеге береді?


2016 жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл оқулықта ескі ақпараттар жүр. Мәселен, ағылшын тілінде "Бұл – менің елім Қазақстан. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" делінген. Немесе: "Бұл – Астана. Ол Қазақстанның астанасы", - деп тарқатып жазды Бақытбек Смағұл.


Соңында Парламент мәжілісінің депутаты айтылған мәселелерді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов назарға алып, қателерді түзер деген сенім білдірді.


 




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30