Жаңалықтар

Балабақшаға бала қабылдау қашан басталады

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Биыл елордада 20 198 бала алғаш рет балабақшаға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

 

17 маусымнан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдарға құжат қабылдауды бастау жоспарлануда. e.astana.kz немесе indigo24.kz электронды жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарда (жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар) босаған 20 198 орын жарияланатын болады (2019 жылы – 15 мың орын босады).

 

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мәліметінше, босаған орындардың ішінде 2018 жылы туғандарға – 2 442 орын, 2017 жылы туғандарға – 7 877 орын, 2016 жылы туғандарға – 5 449 орын, 2015 жылы туғандарға – 4 430 орын қарастырылған.

 

«1 маусымнан барлық мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін ата-аналар үшін онлайн-консультациялар ұйымдастырылды. Қажет болса ата-аналар қатаң санитарлық-дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттердің көмегіне жүгіне алады», делінген хабарламада. Топтастыруды өткізу кестесі мен жолдамаларды алу бойынша ақпарат барлық интернет ресурстарда: Білім басқармасының сайтында (bilim.astana.kz), әкімдіктің сайтында (astana.gov.kz), электрондық жүйеде (e.astana.kz немесе indigo24.kz) орналастырылады. «Елордадағы карантин режиміне байланысты берілген жолдамалардың мерзімі ата-ананың қатысуынсыз автоматты түрде жүйеде ұзартылатын болады. Барлық туындайтын сұрақтар бойынша Call-орталыққа 55-68-83, 55-68-73, 1445 телефондары арқылы хабарласуға болады», – делінген білім басқармасының хабарламасында.

 

Балабақшалардың қабылдау кестесі мына сілтемеде берілген.

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30