Жаңалықтар

Балабақшаға құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған

  • © CC0 / Congerdesign

    © CC0 / Congerdesign

Желіде Жезқазған қаласындағы балабақшалардың бірі құрамында алкоголь бар 100 келі шоколад орамасын сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы ақпарат Instagram желісіндегі Protenge парақшасында жариялады.

 

 

Ал мемлекеттік сатып алулар сайтында құрамында алкоголь бар шоколадтың бір келісі 1 300 теңге тұратыны көрсетілген. 100 келі шоколадтың бағасы 130 000 теңге. Бір қызығы, кәмпиттің құрамында алкоголь болуы қажет екені жазылған.

 

Осыған байланысты Жезқазған қаласының білім бөлімі тауарларды сатып алу бойынша техникалық қате кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"2021 жылдың 2 наурызында "Балдырған" бөбекжайы КМҚК "тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша" мемлекеттік сатып алу порталына берілген сипаттамада техникалық қателік кеткен. Осыған байланысты 2021 жылдың 16 наурызында конкурс рәсімдері тоқтатылды", – деп хабарлады қаланың білім бөлімі.

 

Мекеменің хабарлауынша, "Балдырған" бөбекжайының басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады.

 

 

 

 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 13:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31