Жаңалықтар

Баланы 1-ші сыныпқа қабылдау тәртібі жарияланды

  • http://ernur.kz/

    http://ernur.kz/

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі қалай реттелетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру қызметі EGOV.kz электрондық үкімет порталы арқылы автоматтандырылған. Ата-аналар порталдың «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімін таңдау арқылы кіріп, өтініш беріп, қажетті құжаттарды тіркейді. Құжат тапсыру мерзімі – 15 минут. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электронды. Ата-ананың жеке кабинетіне баланы қабылдаған немесе қабылдамағаны себебі туралы хабарлама келеді», - деді Шолпан Қадырова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімін толық өткізу қажет. Олар: баланың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) өтініш (еркін түрде), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы паспорты (026/у-3 форма, 063/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат), 3x4 көлеміндегі фото.

 

«Ерекше білім беру қажеттігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін порталға қосымша педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы электронды түрде (сканверсия, фото) заңды өкілдердің келісімімен ұсынылады. Сіздердің назарларыңызға тағы бір рет атап өткім келеді: мектептің қабылдау комиссиясы оқуға өтініш берген кезде басқа қосымша құжаттарды талап етпеуі тиіс. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымынан басталады. Жаңа оқу жылына дайындық мақсатында 17 тамыздан бастап мектептерде ата-аналардың қалауы бойынша ақысыз негізде жазғы мектеп жұмысын өткізу жоспарлануда», - деді ол.

 

Кез-келген өзгерістер туралы ақпарат ресми сайтта және әлеуметтік желілерде хабарланады.

 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 16:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30