Баланы ұрып тәрбиелеген дұрыс па? Психологтар кеңесі

Баланы ұрып тәрбиелеген дұрыс па? Психологтар кеңесі

Балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі соңғы жылдары өзекті проблемаға айналды. Халықаралық ЮНИСЭФ ұйымының зерттеулеріне сенсек, ересектердің 75 пайызы баланы бағып қағуда физикалық күш көрсету артық етпейді деп есептесе, 67 пайызы зорлық зомбылық көрсетуге бейім екен. Біздің елімізде де балаларды ұрып-соғу фактісі жиі тіркелетіні жасырын емес. Одан бөлек ашылмай қалатын қаншама жағдайлар бар. 75 пайыз қазақстандық баланы соғып тұрған дұрыс деп есептейді. Ал психологтар ұру аурудың бір түрі екенін айтады. Бұл туралы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап..

Айта кету керек, әлемнің 42 мемлекетінде баланы ұруға толық тиым салынған. Ұрдың ба, заңмен жауапқа тартыласың. Бірақ нақты ұрғаны үшін құқықтық жауапкершілік бізде жоқ. Дей тұрсақ та қылмыстық кодекстің 140,141,142 баптарында жауапкершілік бар. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамағаны үшін, баланың өмірі мен денсаулығын қорғау міндетін орындамағаны үшін және қамқоршы құқықтарын теріс пайдаланғаны үшін шара қолданылады. 

 
"Жұмсақ қолмен бір тартып жіберсе де артық емес деп ойлаймын. Енесі тепкен баланың еті ауырмайды ғой", – деді қоғам белсендісі Айша Құрманғалиқызы.

 "Дұрыс емес. Болмайды. Мүлде болмайды", – деп қарсы шықты отбасылық психолог Серікгүл Сәби.

“Әке-шеше не болса да жамандық тілемейді ғой баласына. Сондықтан ойлаймын, баланы ұрып тұру керек. Бала болған соң енді бала еркелікке салады.Еркелік ар жағынан еркіндікке салады деген сияқты. Ойлаймын, жәйләп қағып тұру керек. Қағатын жерде қағып тұру керек. Сондықтан кезінде қазақ аталарымыз да, бабаларымыз да қамшымен де қағып тұрған", – деді көп балалы ана Анаргүл Қуатова.

Бұл тақырыпқа жастар да өз пікірін білдірді.

“1-2 сыныптарда әріппен әріпті бір-бірімен қосып жаза алмайтынмын, сол кезде шекемнен нұқып-нұқып жібереді, сосын ұрған кездері де болды. Бірақ, Құдайға шүкір, ешқайсымыз одан жаман болып кеткен жоқпыз, иә бір психологиялық жәбір көрдік деп айта алмайыз. Барлығымыз да қазір саналы, білімді азамат пен азаматшалар болып өстік. Сондықтан осындай тәрбие көзі бізге тек оң жағынан әсер етті, сол үшін ата-анама алғыстан басқа айтарым жоқ", – деді студент Зере Нұрымжанова.

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, баланы ұру оның болмысын толық ашуға кедергі келтіреді.

"Біздің ата-анамыз айтады: біз таяқ жеп өстік жаман болған жоқпыз. Менің баламда таяқ жеп өссін, жаман болған жоқ, міне. Бірақ, мәселе мына қырынан қарамаймыз. Мен таяқ жедім, жеткілікті түрде жақсы бола алдым ба? Яғни 100%-бен қарайтын болсақ, мысалы менің 40-50%- ға потенциалым ашылды. Иә, қолымнан бір нәрсе келеді, қоғамда бір орным бар. Ал неге менің потенциалым 80-90%-ға ашылған жоқ? Мүмкін сол ұрып-соғудың кедергісі бар шығар",- деді ол. 

Елімізде бір жастағы балалардың үштен бірі қатыгездікке ұшырайды. Ал 2-4 жастағы балалардың тең жартысы үлкендер тарапынан дөрекілік көреді. Балаларды ұрып-соғу арқылы тәрбиелеу көрсеткіші 5-9 жас аралығындағы балаларда 58 пайыз деңгейіне көтерілген. Халықаралық ұйым өкілдері жүргізген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, ата-ананың 67 пайызы, яғни сұралғандардың үштен екісі баласына психологиялық та, физикалық та қысым жасағанын айтқан. Балалардың 62-79 пайызы әке-шешесінен ұдайы таяқ жейтіні анықталған.

Психологтардың сөзінше, балаға жай ұрдың не, қатты ұрдың не бәрібір.

"Бала үшін анасы ең керемет, ең әдемі, әкесі ең мықты. Бала солай өседі. Егер әлемдегі ең жақсы адамдар маған қол көтерсе, демек мен жаманмын. Сол үшін мені ұрады. Жаманмын деген жазу баланың жадында сақталады. Ал сіз ойлайсыз, жарайды қатты ұрмадым ғой, жай ғана құйрығынан қағып жібердім. Өлмейді ғой. Ал бала ол кезде тек тән соққысын емес, жан соққысын да алып жатады екен", – деді психолог Ирина Коволева.

Отбасылық психолог Серікгүл Сәбидің айтуынша, баланы ұрып соғу аурудың бір түрі. Адам ондай кезде бейсаналық күйге түседі.

"Ұрып соғу бұл - психоз. Әлсіздік емес, кәдімгідей сіздің сондай зорлық-зомбылық көрсету арқылы алатын ләззатыңыз. Себебі сіз бір баланы жаңағы зорлық көрсетіп ұрып бастаған кезіңізде сол адамды бақыласаңыз, ол өзін тоқтата алмайды. Өйткені бұл - құштарлық. Мен бірінші рет белгілі-бір деңгейде ұрсам мысалы бестік деңгейде, екінші, үшінші ұрған кезде менің деңгейім 8-дік деңгейге өседі. Тоқтау қиын. Тоқтата алмайды. Әбден тоқтап болғаннан кейін барып, оның санасы қосылады. Бейсанадағы бұл- психоз", – деді отбасылық психолог Серікгүл Сәби.

Дегенмен балаларына мүлде қол көтермейтін ата-аналар да жоқ емес.

"Мен балаларымды ұрмаймын, ақылмен дос ретінде, кеңесшісі ретінде, тірегі ретінде солай көп көңіл бөлінетіндей  солай баламның маған деген мысалы үшін сенім артуын, бізге деген сенім артуына байланысты біз оларға өзіміздің сөзімізді өткізе аламыз”, – деді екі баланың анасы Әсел Далабайқызы.

Ал жалғызбасты аналар, әкелерге бала тәрбиесі тіпті қиынға соғатынын анық.

"Иә, қиын...  Мен әкесінің рөлін толығымен ала алмаймын. Мен ана болу керекпін. Мен егер еркек рөлін алып, қатты қатал болатын бослам, оның болашақта қыздарға деген көзқарасы өзге боалды. Оған мысалға болашақта нәзік сүйкімді қыздар емес, қатал һ, оны басынатын қыздар жолығуы мүмкін. Сондықтан мен тек қана ана рөлін орындау керекпін", – деді жалғызбасты ана Светлана Қошанова.

Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, толыққан отбасында өскен бала мен, толыққанды емес жанұяда тәрбиеленген балаға ешқандай айырмашылық жоқ.

"Барлық жерде бала тәрбиесінде бір ғана жүйе бар, бір ғана система бар. Ол баланы жақсы көру. Сүйіспеншілік, мейірім, жанашырлық, баламен мәдениетті түрде сөйлесу. Кейбір жалғыз басты аналар, жалғызбасты ата-аналар "Мен бір өзіммін ғой, әкенің орнын толтырайын, анда-санда шапалақ беріп тұрайын, мен жалғызбын ғой, үлгермей жатырмын, бала мені түсіну керек ана-санда айқайлап тұрайын, ұрсып тұрайын, қорқытып тұрайын"-деген сияқты қате түсінікте бар", – деді ол.

Психологтардың сөзінше, баланың ұрған соң, салдарына дайын болу керек. Оқиғаның өрбитін екі-ақ сценарийі бар.

"Жоқ-жоқ, ұлды ұрсаңыз ұлыңыз ұрлықшы, алаяқ содан кейін қайтып отбасына зорлық-зомбылық көрсететін болып өседі. Қызды ұрсаңыз, қызыңыз жезөкше болады тағы да алаяқ болады. Кейін шешінетін, мынау ұят дегенді білмейтін сондай болып өседі. Ары қарай қызды ұрсаңыз ол қыз мазахист болып өседі. Сондықтан таңдау әрбір ата-аның өзінде", – дейді отбасылық психолог Серікгүл Сәли.

"Бала тәрбиелеуде ұрып-соғу деген методика, ондай әдіс жоқ. Ұрып-соғу арқылы баланы тәрбиелеуге болмайды. Егер бізде тәрбиелеудегі мақсатымыз баланы өзіне сенімді, өз бағалымы жоғары, жеке тұлға қалыптастыру болатын болса, ол жерде ұру-соғудың ешбір орны жоқ. Ал егер біз баланы ата-ана ретінде өзімізге ыңғайлы, отыр дегенде отыратын, жат дегенде жататын, өзіне ешқандай жеке пікірі болмайтын, қалауы болмайтын робот тәрбиелегіміз келсе немесе бір жануар тәрбиелегіміз келсе цирктағы сияқты, ондай кезде ұрып-соғудың бір пайдасы болуы мүмкін", – деді Ержан Мырзабаев.

Зерттеулерге сенсек, қазақстандықтардың 75 пайызы балаға қол көтеруге болады деп санайды. Демек, біздегі баланың жартысынан көбі тәртіпті, бірақ тәрбиелі емес. Тіл алғыш, бірақ тұлға емес. 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста