Жаңалықтар

БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

  • БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

Юрий Табах деген кісінің сұхбаты шығыпты. Жас кезінде отбасы СССР-ден көшіп кеткен, АҚШ-та әскери карьерасын жасаған, тоқсаныншы жылдардың басында АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінде қызмет еткен. Мына оқиғасына құлақ салайықшы:
- Тоқсаныншы жылдардың басында Мәскеуде Дима деген досымның линкольнымен (көлік маркасы) кетіп бара жаттық. Артта Диманың төрт жасар ұлы отырған.
Бір кезде ГАИ тоқтатты. Қарасам, майор шеніндегі офицер екен. Таңғалдым. Майор штабта отырып бөлімді басқаруы керек, мынау көшеде тұрғаны несі?
Содан әлгі майор келді де, ережені бұздың деді. Дима куәлігінің арасына ақша салып, бере қойып еді, анау байқап жүріңдер деп бізді жібере салды. Нақты неше рубль екені есте жоқ, бірақ сол кездегі курс бойынша 3 доллар екенін білемін.
- Сен сонда майорды үш долларға сатып алдың ба? - деймін таңғалып. Барып, ана майордың пагонын жұлып алғым келді. - Жаңағыны сенің балаң көрді, - деймін Димаға. - Енді ол майорды үш долларға сатып алуға болатынын біліп жүреді. Мына жағдайдан ешқашан шықпайсыңдар.
Бір айдан кейін АҚШ-қа келдім. Артта төрт жасар қызым отырған. Полиция тоқтатты. Сөйтсем, техосмотрымның уақыты өтіп кетіпті. Мен көлікте отырып жүргізуші куәлігін, дипломат куәлігін және әскери куәлігімді көрсетіп, жағдайды түсіндірдім.
Ресейден келгеніме екі-ақ күн болды дедім.
Полиция құжаттарымды алды да, өзінің машинасына кетіп қалды. Шамалыдан соң қайтып келді де, машинадан түсіңіз деді.
Бізде машинадан түс десе, онда қолыңа кісен салып, тұтқындайды деген сөз. Біттім ғой деп ойладым.
Амал жоқ, көліктен түстім. Полицей қолыма дипломат көлігімді берді де былай деді:
- Біріншіден сіз саяси адамсыз. Сыртта біздің елдің атынан қызмет істейсіз. Куәлігіңізді оңды-солды көрсете бермегеніңіз дұрыс.
Одан кейін қолыма әскери куәлігімді беріп тұрып былай деді:
- Сіз әскери адамсыз. Және шеніңіз өте жоғары. Сондықтан сіз тәртіпті бұзбауыңыз керек. Барып, техосмотрды жаңартып алыңыз.
Содан соң қолыма жүргізушілік куәлігімді беріп былай деді:
- Міне, жүргізуші куәлігіңіз және 150 долларлық айыппұл. Барып төлеп тастаңыз.
Мен уф деп бір демалдым. Тұтқындамағанына рахмет.
- Сұрағыңыз бар ма? - деді полицей.
- Бар. - дедім. - Неге маған көліктен түс дедіңіз?
- Жаңағы ескертпенің бәрін балаңыздың көзінше айтпайын дедім.
Арман Әлменбет




Көрілген: 1700    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 00:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31