Жаңалықтар

"Баланың миын ашытпау керек": ғалымдар әліппені қайтаруға қатысты пікір айтты

  • https://qamshy.kz

    https://qamshy.kz

Қазақстанда екі жылдан кейін әліппе қайта мектеп бағдарламасына енгізіледі. Оны Ахмет Байстұрсынұлының әдістемесі негізінде оқытады. Алайда ғалымдар тарапынан бірқатар сұрақтар бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрдің мәлімдемесі


Тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептің оқу бағдарламасына әліппенің қайта енгізілетінін мәлімдеді.


"Ұстаздар мен ата-аналар көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді Аймағамбетов.


Министр "ойдан ештеңе құрастырудың қажеті жоқ" деген пікірін де жеткізді. Себебі бізде қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол - Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Әліппе соның негізінде жасалады.


Әліппе қалай өзгереді?


Тамыз конференциясынан кейін өткен баспасөз мәслихатында министр мырза жаңа оқулықта бірқатар өзгерістің болатынын да айтып қалды.


"Біз егемен елде тұрып жатырмыз. Сондықтан ішкі құрылымы қазіргі заманға қарай өзгертілетін болады. Бірақ қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленуі керек", - дейді Аймағамбетов.


Ғалымдарды дәл осы өзгеріс мәселесі алаңдатып отыр. Профессор Айгүл Смақованың айтуынша, министр жақсы жаңалықты жарияласа да, оған қатысты негізгі мәселелерді ашық айтқан жоқ.


"Министр әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде қайтып келеді деді. Ал әліппе латын нұсқасында бола ма? Қазіргі біз сөйлеп жүрген кирилл нұсқасында бола ма? Себебі Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі төте жазудағы әліппе. Біз ондай жазуды қолданып жүрген жоқпыз. Міне, бұл мәселе ашық қалды. Сондықтан халыққа осыны түсіндіру керек", - деді Смақова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.


Ғалымның айтуынша, бүгінде латын графикасына көшуге қатысты нақты жоспар бар. Алайда әліппенің латын нұсқасы бекітілмеген.


"Меніңше, әліппе қазіргі кирилл қарпімен шығуы керек. Себебі бүгінде біздің тіл ғалымдары ұсынып жатқан латын нұсқасы шикілеу. Сондықтан балалардың миын ашытпай, әліппені алдымен өзіміз үйренген нұсқада енгізген дұрыс. Артынша латын әліпбиі талқылаудан өтіп, бекітілгеннен кейін көшуге оңай болады", - деп атап көрсетті Смақова.


 




Көрілген: 1074    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 16:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30