Жаңалықтар

Баласын 6 жастан мектепке бермегендерге айыппұл салынуы мүмкін

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Биылдан бастап балаларды мектепке 6 жастан беру керек. Өйтпеген жағдайда олардың ата-анасына айыппұл салынады. Білім және ғылым министрлігі осындай талап қойып отыр.


Алайда бұл шешіммен келіспейтіндер бар. Себебі кей ата-ана баласының психологиялық тұрғыдан дайын еместігін алға тартады.


Биыл күзден бастап алты жасар балалар бірінші сыныпқа қабылдана бастайды. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің жаңа талабы.


Алайда көп ата-ананың көкейінде күмән басым. Олар баласының психологиялық дайындығына алаңдап отыр. Сол ата-ананың бірі – Диана. Ол баласын мектепке неше жасынан берерін білмей дал.


Диана Асылбек, ата-ана:


– Балалар невропотологымын. Маған күнде балалар келеді. 6-7 жастағы балалар. 6 жастағы бала мен 7 жастағы баланың арасында дене бітімі, ойлау қабілеті жағынан айырмашылығы бар. 2012 жылғы балалар сабаққа дайын. Себебі көп сұраққа нақты жібереді. Ал 6 жастан барса, балалар ата-аналар қосымша мұғалім жалдайтын болады.


Диана ойын баласының оқуға құлқы болмай, мектеп бағдарламасын игере алмай қала ма деп қорқады. Сондықтан ата-аналарға таңдау құқығын сұрап отыр.


Ал Білім және ғылым министрлігі әлемдік тәжірибеге сүйеніп отырғандығын алға тартады. Әлемнің 130-дан астам елінде бұл тәжірибе бұрыннан бар.


Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:


– Алғашында ескерту болады, одан кейін 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатын болады. Сондықтан да барлық ата-ана бәрін саралап ойланады деген үміттемін. Әрине кей ата-ана баласын мектепке 7 жасынан бергісі келеді. Алайда бұл тәжірибе түрінде енгізіледі. Оларға арналған бағдарлама жеңіл болады және әр баланың қабілет-қарымына қарай жұмыс жасайтын боламыз. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ.


Жауапты ведмство болса, балабақша есігін ашпаған балаларды үш апталық мектепке дайындау курстарынан өткізуді ұсынып отыр. Балғындарды Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша еліміздің барлық білім ордаларында дайындауға мүмкіндік бар.


24.kz


 




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 21:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30