Жаңалықтар

Бастауыш білім деңгейіне қатысты онлайн-вебинар өтті

  • Бастауыш білім деңгейіне қатысты онлайн-вебинар өтті

    Бастауыш білім деңгейіне қатысты онлайн-вебинар өтті

 2021 жылдың қаңтар айының басында «Оқулық» РҒПО ұйымдастыруымен «Оқу әдебиетіне қойылатын психолингвистикалық талаптар және оқулық мәтінің этномәдени сипатын бағалау» тақырыбында «Бастауыш білім деңгейіне арналған оқу әдебиеттерінің сарапшыларына» арналған кезекті онлайн-вебинар өтті.

Вебинардың ашылуында «Оқулық» РҒПО директорының міндетін атқарушы Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы «Оқулықтардың сапасын арттыру мәселелері және оларды шешуге бағытталған шаралар» туралы тоқталды.

ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы «Оқулық мәтінінің этномәдени сипатын бағалау» тақырыбындағы баяндамасында ұлттық болмыстағы тұрақты сөз тіркестердің болашағына алаңдаушылық таныта отырып, бүгінгі қолданыстағы «жездека», «келинка», «апашка», «аташка» сияқты сөздер арқылы тілдің шұбарлануын сынға алды, тілге төнуі мүмкін қауіптерге талдау жасады. Әлемдегі соңғы жаңалықтар тез тарап жатқан ақпараттық дәуірде өз халқының тілін, болмысын, тарихын, дәстүрін сақтап, оларды ұрпаққа дұрыс жеткізудің қаншалықты маңызды екенін баядамасында ғалым түсіндіріп берді.

Лингвистикалық психофизиологияның негізін қалаушы, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі А.А.Биркиннің «Лингвистикалық психологияға кіріспе» тақырыбындағы баяндамасында белгілердің көзбен қабылдануы, оның адам санасымен өңделуі сияқты оқыту процесінің физиологиялық, биологиялық тұстары тілге тиек етіліп, мәтіннің толыққанды айқын түсінілуі психологиялық тұрғыдан терең талданып ұсынылды.

Екі күн қатарынан баяндама жасаған ф.ғ.д., профессор, психотерапевт канадалық ғалым В.П.Белянин «Оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар», «Мәтінді психолингвистикалық сараптаудың негізгі аспектілері» атты баяндамалары арқылы оқулыққа, оның құрылымы мен ішіндегі мәтінге жасалатын сараптама туралы ой қозғап, халықаралық деңгейдегі жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Қазақстан білім жүйесіндегі 1-сыныпқа арналған «Букварь» оқулығына сараптама жасау және сынақтан өткізу жұмыстарында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мәтін таңдау, мәтіннің иллюстрацияларға сәйкестігін мұқият таңдау қажет екенін атап көрсетті.

Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, психолингвист И.С.Карабулатова «Қауіптілігі ықтимал мәтіндер» туралы практикалық мәтіндерге негізделген мазмұнды баяндама ұсынды. Нақты мәтіндерді талдай отырып, ғалым білім алушыға қауіп төндіретін мәнмәтіндегі жекелеген бөліктердің психологиялық әсерін ашып көрсетті. Вебинар барысында білім беру мәтіндерінің психофизиологиялық параметрлері мектеп оқушыларының олардың мазмұнын түсінуіне және есте сақтауына ғана әсер етпейтінін,

сонымен қатар олардың ақыл-ойының дамуына кері немесе жағымды әсер ететіндігін ескертті.

Медицина ғылымдарының докторы, психолингвистика бойынша сарапшы А.Р.Мустафин мен В.П.Беляниннің психолингвистикалық тақырыптағы талдаулары қатысушыларға құнды ақпараттар берумен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың артуына мүмкіндік берді.

Біріншіден, әрбір сарапшы өзіне аса зор жауапкершіліктің, ұрпақ болашағының жүктелгенін терең сезінді. Екіншіден, баяндамашылар психолингвистикаға қатысты мәселелерді теориялық тұрғыдан жан-жақты түсіндіріп, практикалық материалдармен түсінікті талдау жасап берді. Балалардың жас ерекшелігі, мәтіндердің дұрыс құрылуы, қауіпсіздігі, олардың балаларға әсері, суреттердің дұрыс қолданылуы, түрлі түстердің сәйкес келуі сияқты мәселелерге айрықша тоқталды.

Оқулықтарға сараптама жасауда психолингвистикалық мәселелерге баса назар аударып, вебинарда психолингвистикалық талаптар бойынша оқулықтарға сараптама жасауда ғана емес, пәндерге арналған оқу-әдістемелік материалдарды дайындауда, материалдарды іріктеуде пайдалы ақпараттар берілді.

Қатысушылар маңызды тақырыпты арқау еткен вебинарды ұйымдастырған «Оқулық» РҒПО-ға үлкен алғыстарын білдірді. Вебинарға қала мен облыстан 150-дан аса ғалымдар мен сыртқы сарапшылар қатысты. 

Эльвира Ерғалина 




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 13:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30