Жаңалықтар

Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды

  • Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды

    Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды

Оқушылардың 80%-ке жуығы қашықтан оқыту форматында білім ала бастады. Ал бастауыш сынып оқушыларының 60%-ке жуығы кезекші топтарға барды. Жаңа оқу жылының алғашқы күнін бастауыш сынып оқушыларының 60 проценті мектепте қарсы алды. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім министрлігі алғашқы оқу күнінің қорытындысы туралы баяндады. Вице-министрдің айтуынша, оқушылардың 80%-ке жуығы қашықтан оқыту форматында білім ала бастады. Оқу процесі 7 мыңнан аса мектепте басталды.

"Таңертең барлық мектепте білім күніне арналған сынып сағаттары өтті. Биыл 352 мың бүлдіршін бірінші сыныпқа барды. Бастауыш сыныптар, мектепалды даярлық сыныптар үшін кезекші сыныптар жұмыс істей бастады. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша бастауыш сынып оқушыларының 60 пайызға жуығы кезекші топтарда оқуды бастады", - деді Қаринова онлайн брифингте.
Ол 2 миллион 600 оқушы қашықтан оқытылып жатқанын атап өтті. Оқушыларға 435 мың компьютер таратылған, 15 қыркүйекке дейін тағы 250 мың компьютер беріледі.

Қаринова мұғалімдер мен оқушылардың басым көпшілігі, сондай-ақ ата-аналар пайдаланатын Kundelik.kz электронды журналына да тоқталды.

"Сағат 15.00-де алынған ақпараттар бойынша электронды журналда секундына жұмыс істеген адамдардың саны 6 200 болды. Оның ішінде 3 миллион 700 адам материалдарды көріп, өз жұмысына пайдаланды. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша Kundelik.kz жүйесі штаттық режимде үзіліссіз жұмыс істеп тұр",- деді вице-министр.

Айтуынша, онлайн білім беру платформаларында 15.00-дегі мәлімет бойынша 2 миллион 200 сессия өткізілген. Оның ішінде орналастырылған білім контентін пайдаланғандар саны 6 миллион 800-ден асты.

"Сонымен қатар, "Балапан" және "Ел арна" телеарналарында сабақтар басталды. Оның кестесі барлық мектепке жеткізілді. Бұл сабақтар білім министрлігінің ресми сайтында да орналастырылған. Мұндағы басты мақсат – оқушылар мен мұғалімдердің сабақтарды қайта қарап, қайталауына мүмкіндік беру", - деді ол.

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 2020/2021 жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды.

 

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/society/20200901/14855285/Bastauysh-synyp-okushylary-mektep-parta.html 




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 19:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31