Жаңалықтар

Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәні арқылы мәдени құзыреттіліктерін арттыру

  • Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәні арқылы мәдени құзыреттіліктерін арттыру

    Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәні арқылы мәдени құзыреттіліктерін арттыру

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Ең бастысы, бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас жағдайлары да дұрыс жолға қойылады. Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі мен қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді [1]. Жалпы, әдебиеттік оқу сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғы шарты қаланады.Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі. Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабағы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.


Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» ,-деп қарастырады. [2]. Сонымен, құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен


дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор. Мәдени құзіреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.


Оқушылардың мәдени құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:


• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)


• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)


• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)


• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)


Бұл жұмыс түрлері мәдени құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, оларды барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс. Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. Өйткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді. Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибе барысында ана тілінде оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары


деңгейде көтеру. [4]. Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы іспетті екені белгілі. Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға дген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.


Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:


-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;


-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;


-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;


-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;


-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;


-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;


-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;


-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.


Әдебиеттік оқу пәні сабағында мәтіндік тапсырмаларды тиімді қолдану-мәдени құзыреттілікті арттырудың бір жолы. Бұл жайында педагогика ғылымының докторы Н.Құрманова былай дейді: «Тіл дамыту оқушыға берілген теориялық материалды практикалық қажеттіліктерімен, арнайы ұйымдастырылатын түрлі тілдік ситуациялармен, сөйлеу жағдайларымен байланыстыра отырып, жаттығулар орындату. Тіл дамытуда ситуациялық жаттығулар мен іс-қағаздарын, стильдердің ерекшеліктерін меңгертуге басым назар аударылады» [3]. Әрине бұл жағдайларды күнделікті сабақ барысында тиімді қолдану үшін икемділік пен дағдылық білім жүйесін танып, білу қажет. Тілді оқытудың алғашқы кезінен бастап соңғы кезіне дейін мәтінді ұзақ уақыт сабақта қолданылатын болғандықтан, ол сөйлеудің дұрыс үлгісінің еске сақталуына мүмкіндік беретін дидактикалық материал. Мәтінмен жүргізетін жұмыс түрлері оны оқу, мәтінді дұрыс сөйлеу үлгілері арқылы оқығанын , жеңіл диалогқа айналдыру, қарапайым мазмұнын айту арқылы көрінеді. Мақал-мәтелдерді оқу нәтижесінде халықтың тіл арқылы танылатын даналығынан хабардар болады. Сол сияқты қарым-қатынас жасау әдебіне енетін, түрлі атаулық ұғымдар қарым-қатынас жасау әдебіне енетін, түрлі атаулық ұғымдар (айналайын, қарағым, қозым, ботам, жарығым т.б.) мен жер-су атауларын берудегі тапқырлықтар ұлттық таныммен, ұтымды үрдістердің жүйесін белгілеумен бірге олардың сүйіспеншілігін қалыптастырады.


 Қасенова Айнұр Манарбекқызы


Шығыс Қазақстан облысы


Өскемен қаласы


«№27 орта мектебі» КММ


Бастауыш сынып мұғалімі


 


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Жүсіпова Ж.А . Педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011


2. Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - С. 33-36.


3. Нұрғазиева Н. М. Шығармашылық әрекеттегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60


4. Уәлиханұлы Н., Тілемісұлы Н. Сөз мәдениеті. - Алматы: 2002




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.03.2019, 13:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31