Жаңалықтар

Бес облыста білім басқармасының лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды

  • Бес облыста білім басқармасының лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды

    Бес облыста білім басқармасының лауазымды қызметкерлері тергеуге алынды

Ақшалай қаражат білім беру процесін онлайн форматқа көшіруге байланысты шұғыл қажеттілік үшін бөлінген. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 2020 жылы онлайн оқытуға көшуге байланысты балаларға арналған компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктар сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу амалдары республиканың бес өңіріндегі білім басқармаларындағы лауазымды қызметкерлерге қатысты жүріп жатыр.

"Елдегі үкімет резерві есебінен шұғыл шығындар үшін ағымдағы іс-шараларды жүргізу" бағдарламасы бойынша 2020 жылы компьютерлер, планшеттер мен ноутбуктар сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша іс жүріп жатыр. Бұл қаражат білім беру процесін онлайн форматқа көшіруге байланысты шұғыл шығындар ретінде, сондай-ақ мектеп оқушыларын, соның ішінде тұрмысы төмен отбасылардағы оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін бөлінген болатын", - деді онлайн брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс аудандарының бірінде әкімдіктің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Білім бөлімінің қызметкерлері пандемия кезінде аудандағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнап үкімет резерві есебінен сатып алынған ноутбуктердің бір бөлігін жымқырды деген күдікке ілінді", – деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.




Көрілген: 1271    Пікірлер: 0

жұма, 02.04.2021, 18:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31