Бетінен теуіп, қан-жоса етті. Оқушылар төбелесінің видеосы пайда болды

31 мамыр 2022, 19:52

Мектеп жасындағылар көрші сыныпта оқитын жасөспірімге жабыла кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтее жасап.

Әлеуметтік желілерде шымкенттік бір топ оқушы төбелесінің видеосы пайда болды.

 

Әлденені келісе алмаған оқушылар құрдастарына еш аяушылық танытпаған. Бейнежазбада олардың бірі бетінен жұдырықпен қатты ұрып, қан-жоса еткенін көруге болады. Қатты соққы жанына батқан жәбірленуші отырып қалады. Осы сәтте жабылғандардың бірі аяғымен басынан бір тебеді.

 

 

Белгілі болғандай, видеодағы оқушылардың барлығы бір мектепте оқитындар. Оқиға Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.

 

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады, —деді қалалық Полиция департаментіндегілер.