"Бейіт басында той жасағандай". Депутат соңғы қоңырау күнін өзгертуді ұсынды

"Бейіт басында той жасағандай". Депутат соңғы қоңырау күнін өзгертуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай еліміздегі мектептерде соңғы қоңырауды 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Ол зұлматты жылдар қасіретін жадымызда сақтап, сабақ алу үшін 31 мамыр — Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленгенін еске түсірді.

 

Тоталитарлық жүйенің қанды қасабына іліккен миллиондаған жанның қасіретті тағдырына ойлана қарап, аяулы есімдерін ардақтай еске алып, шын көңілімізбен лайықты құрмет көрсете алмай келеміз, — дейді депутат.

 

Оның айтуынша, күні Алаш арыстарының рухына жасап жүрген құрметіміз олардың ескерткіштері мен мемориалдық орындарға гүл шоғын қою, сол жерлерде бірер парақ сөз оқудан аспай тұр. Оның үстіне, дәл осы күнге мектептерге соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасын қатар қойған.

 

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 363 бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау 31 мамыр болып бекітіліп отыр. Бұл шешімнің бейіт басында той жасағандай әсер етіп тұрғанын айтпасақ болмайды, — дейді Аманжол Әлтай.

 

Депутат бұл министрлікте осыны уақытында аңғарып, дер кезінде бұл тұрғыда оңтайлы шешім ұсынуға түсінігі жететін бір адамның табылмағанына қынжылды.

 

Қайран боздақтардың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы, адамшылығымыз қайсы?! — деп күрсінді ол.

 

Аманжол Әлтай осы себептен мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек екенін айтты. Оның айтуынша, бұл — ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста