Жаңалықтар

БҒМ оқушылардың мектепке қашан шығатынын айтты

  • БҒМ оқушылардың мектепке қашан шығатынын айтты

    БҒМ оқушылардың мектепке қашан шығатынын айтты

 Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылар мектепке қашан бара алатынын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.

"Мектеп жұмысын жандандыру мәселесіне тоқталайын. Бұл бізді, педагогтерімізді, балаларымызды және ата-аналарымызды қатты алаңдатып отыр. Біз де мектептердің қайта ашылғанын қалаймыз. Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарымызды бердік. Мектептердің жұмысын жандандырудың бірнеше нұсқасы бар", - деді ол орталық коммуникациядар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, еліміздің бас санитар дәрігерінің шешімі қабылданғаннан кейін ғана мектептерді ашу мәселесі қарастырылады.

"Біз де барлығы сияқты осы бұйрықты негізге аламыз. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, күн сайын барлық мәселені пысықтап жатырмыз. Біз амалсыздан қашықтан білім беріп жатырмыз. Барлық білім беру ұйымы штаттық режимде жұмысын қайта жандандыру үшін тиіс жұмыстар жүргіземіз", - дейді Шолпан Каринова.

Вице-министр Қазақстанның бас санитар дәрігерінің рұқсатымен ғана оқушылар мектепке бара алатынын айтты.

"Біз де ата-аналар сияқты мектептердің штаттық режимде жұмыс істегенін қалаймыз. Бұл мәселенің бірнеше нұсқасы бар. Әр өңірдегі жағдай әр түрлі. Бізге әкімдіктердің, өңірдегі санитар дәрігерлердің шешімі бойынша мектептерді ашу ұсынылды. Бұл - ең тиімді әдіс. Қазіргі таңда біз оқушылардың денсаулығын ойлауымыз керек. Мәселеге қатысты қосымша ақпаратты хабарлаймыз", - деді ол.

Tengrinews.kz




Көрілген: 1440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 18:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31