Жаңалықтар

БҒМ шетелде оқитын қазақстандықтарға отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектеседі

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге еліміздегі жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 

Білім және ғылым министрлігі шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскен және коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарына оралу проблемасына тап болған қазақстандық студенттерге көмек көрсете бастады.


«Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын. Бұл ретте құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады», - делінген хабарламада.

 

Осы санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында министрлікте жедел желі (74-16-24) іске қосылды. Көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:30-дан 18:30-ға дейін хабарласуға болады.

 

24.kz

 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 16:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31