Жаңалықтар

Би Боранбай атындағы орта мектепте Асқар Жакулин атындағы биология кабинеті ашылды (фото)

  • Би Боранбай атындағы орта мектепте Асқар Жакулин атындағы биология кабинеті ашылды (фото)

    Би Боранбай атындағы орта мектепте Асқар Жакулин атындағы биология кабинеті ашылды (фото)

 Асқар Жакулин атындағы қор қайырымдылық сынды қадірлі іспен айналысқан бірнеше жылдың ішінде талай жастың білімге ұмтылуына, біраз баланың денсаулығының түзелуіне, басқа да ізгі істерге мұрындық болды. Қордың атқарылған әрбір жақсы ісі көпшілікке жариялы түрде жүргізіліп келеді. Белгілі кәсіпкер, меценат Асқар Жакулиннің көзі тірі кезінде қолға алған шаралары ол кісі о дүниелік болған соң да іске асып жатыр. Айталық, Асқар мырза 2012 жылы ең алғаш рет ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектебінде өзінің атасы Жәкулә Күшікұлы атындағы химия-биология пәндерінен олимпиада ұйымдастырған болатын. Бұл шара осы уақытқа дейін жалғасын тауып келеді. Яғни, жыл сайын ШҚО облысында Жәкулә Күшікұлы атындағы химия-биология пәндерінен олимпиада өткізу дәстүрге айналған. Енді міне, жақында ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектебінде Асқар Жакулин атындағы биология кабинеті ашылды.




Қыркүйектің 26-шы жұлдызында ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызылкесік ауылы Би Боранбай атындағы орта мектебінде Асқар Жакулин атындағы биология кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – мектеп ұжымының марқұм Асқар Жакулинге деген зор құрметі деуге болады. Аталған шараға Асқар ағамыздың ағалары Шаймұрат Кәкенұлы, Алмас Ахметбекұлы, Гүлнар Сейдолла Алматыдан арнайы барып, балаларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.




Биология кабинеті күрделі жөндеуден өткен, заманға сай жиһаздармен жабдықталған, кабинеттің өзі балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Мұндай жаңашылдыққа оқушылар риза болды. Кабинеттің барлық шығынына «Компания Ас-Ай ЛТД» 1 170 000 теңге бөліп, демеушілік етті. Сондай-ақ Асқар Жакулин атындағы қор кабинетке принтер мен 7-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін биология пәнінен электронды оқулықтар сыйға тартты. Мектептегі мерекелік іс-шарадан кейін Қызылкесік ауылында марқұм Асқар ағамыздың әруағына Құран бағыштап, ас берілді. Би Боранбай атындағы орта мектептің ұжымы Асқар Жакулиннің жары Жайна апайға деген алғыстарының шексіз екенін білдіріп, тілектерін жаудырды. Аудан әкімі мен мектеп басшылығы «Компания Ас-Ай ЛТД» алғыс хат табыстады.






Осы тұста Асқар Жакулин атындағы қордың шарапаты тиген тағы бір іс-шараны тілге тек еткенді жөн көріп отырмыз. Қор ШҚО облысында «Біз біргеміз» атты қайырымдылық қорымен бірлесіп, бір отбасыға баспаналы болу қуанышын сыйлауға атсалысты.





ШҚО облысында «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры жылда бір үй салып, баспанасы жоқ көпбалалы отбасына немесе тұрмыс жағдайы төмен жандарға көмек ретінде салынған үйді сыйға береді. Көпшілікке үлгі боларлық осы бір тамаша дәстүрге биыл Асқар Жакулин атындағы қор өз үлесін қосып, үйдің құрылысына «Компания Ас-Ай ЛТД» 1 млн теңге қаржы аударды. Міне, жақында, яғни 10 қазан күні Тарбағатай өңірінде жаңа үйдің салтанатты ашылуы болды. Аудан тұрғындары үшін осындай қуанышты жиында ұлт жанашыры болған Асқардай абзал азаматтың жары Жайна Жакулинаға "Мейірімді ана" аталымы бойынша арнайы сыйлық (естелік мүсін) берілді. Ауданның азаматтары атсалысып, жұртшылық жұмылып салынған үй баспанаға мұқтаж жандарға беріледі. 


Алаш айнасы


 


 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

жұма, 11.10.2019, 17:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30