Жаңалықтар

Биыл 1-сыныпқа баратындар QR-код пен аудиодискісі бар «Әліппемен» сауат ашады

  • Биыл 1-сыныпқа баратындар QR-код пен аудиодискісі бар «Әліппемен» сауат ашады

    Биыл 1-сыныпқа баратындар QR-код пен аудиодискісі бар «Әліппемен» сауат ашады

Әліппеде QR-код пен аудиодиск бар. Бастамашылар бала өткен сабақты тереңірек түсінуі үшін осындай заманауи әдіс қолдануды жөн көрген. Яғни, кез келген уақытта кітаптың бұрышындағы кодты сканерлеп, тақырыпты қайта тыңдауға болады, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңартылған әліппенің сырты да, іші де визуалды түрде аса өзгермеген. Бірақ бірнеше ерекшелігі бар. Оқулықта оңайдан күрдегіле қағидаты сақталып, оқушыға үйрену оңай болуы үшін бірнеше тың әдіс енгізілген.

«Оқушыға білімді тәжірибе арқылы әрі өз бетінше алуға мүмкіндік жасау. Міне осы қағидаттар негізінде әліппе оқулығы әзірленді», – деді ҚР ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұхаметқалиқызы.
Әдіскер маман Сандуғаш Әтейбек бұл оқулықты «цифрлы әліппе» дейді. Өйткені, кітапта QR-код пен аудиодиск бар. Диск арқылы кітапты электронды түрде оқу да ойластырылған. Сонымен қатар, әр тақырыпты өткен соң, кодты сканерлеп, мақал-мәтелдерді оңай жаттауға болады.

«Оқулықтың мазмұны түсінікті. Жеңіл және енді ата-аналарға да түсінікті болады деп ойлаймын», – деді әдіскер Сандуғаш Әтейбек.
Көп ата-ана әліппенің қайта енгізілгеніне қуанатынын айтады. Тамыры тереңде жатқан әліппе балалардың әріпті тез үйренуіне оң әсер ететініне сенімді. Әліппені қайта оқу бағдарламасына енгізер кезде бес баспадан бес түрлі кітап ұсынылған екен. Солардың арасынан осы оқулық үздік деп танылған. 500-ге тарта маманның сараптамасынан өткен әліппенің сәтті не сәтсіз шыққанын енді уақыт көрсетеді.

aikyn.kz




Көрілген: 1397    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.08.2021, 09:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31